Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (21) Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (31)

Сұлулық таңы кеудеде өмір сүреді

Бақыттың бағын белгісіз болып табары,
Аңсаған жүрек ағысын іздеп барады.
Ұната тұрып, сезімі іште тұншығар,
Қыз сезім ғажап шынайы сүйе алады.

Толық

Еңбек және сұлулық

Тозды жастық желкілдетіп желегін.
Таба алмадым кәріліктің мен емін.
Есім кіріп,
Етегімді жиғалы

Толық

Ей, сұлулық, мәңгі күтер сыйымсың

Ей, сұлулық, мәңгі күтер сыйымсың.
Сол сыйымды көрсін де көз сүйінсін!
Сиқыр-сұлу торыменен шырмаған
Махаббатың сыны сондай қиын сын.

Толық

Сұлулық, жастық қайнары

Теміртаудың тепсеңінде бір қайнар
Мөп-мөлдір боп жатыр шығып тереңнен,
Бұл қайнардан аңыз болған көп жайлар,
Шежіре қыз айтса халық кенелетін.

Толық

Сұлулық

– Сұлулық –
Дүниені ұстап тұр,–
Деп едім.
Астына алды ол қыспақтың:

Толық

Бойыңды жастай түзедің

Бойыңды жастай түзедің –
қылықты, сәнді қыз едің,
жаныңа, сұлу көркіңе
ұмтылып өткен жүз ерін.

Толық

Сұлулық ортақ әлемде

Көркіңе шексіз құмартып,
Қадалар көздер мұнартып.
Бір адам ғана бір саған
Иелік ету тым артық.

Толық

Сұлулық, солай ма едің?

Көздерің неткен суық, неткен улы,
Сұлулық, солай ма едің?
Жүрегім осыншама жек көруді,
Көтерер қалай менің?!

Толық

Табиғат кереметі

Табиғат қандай әсем, керемет неткен!
Сұлулығын көрген жан елең еткен,
Көкжиектен күн шығады бір сәтте,
Сәулесі түсіп, жарқырап, күн де жеткен...

Толық

Сұлулықты түсінер әркім қалай

Сыр шертеді даланың қызыл гүлі,
Гүлдің гүлі – бір қызы сыбызғылы.
Сән-сәулеті елімнің осы екеуі
Және тағы домбыра, сыбызғы үні.

Толық

Күдік

Ерке қалқам, еркін қалқам, жан қалқам,
Елдің бәрі бір өзіңе болған таң.
Сұлулықтың сиқырына сендегі
Сұқтанамын, сескенемін, мен қорқам.

Толық

Ақ келіншек киіпті қара көйлек

Ақ келіншек киіпті қара көйлек,
Ойласын дегені ме дара ғой деп?
Қозғап-қозғап қояды паң мүсінін
«Көздің жауын жаула да, ала ғой»деп.

Толық

Ұят та болса, уыздай қызға көз тастап

Ұят та болса, уыздай қызға көз тастап,
Күмілжіп қалдым, кете де жаздап сөз бастап.
Бір ыршып түскен көбелек сынды пәтшағар,
Қалпымды танып, қимылымды білген жазбастан.

Толық

Сұлулық

Қарашы анау қайсар мінез құздарға,
Қабақ шытпас қаншама аптап, ызғарға.
Көкше деген нар жігіт қой, нар жігіт,
Нар жігітке наз артпайтын қыз бар ма?!

Толық

Сұлулық

Сұлулық-ай, сұлулық, жанды жедiң.
Жазылмайтын дертiм бе ең мəңгi менiң?
Əлемiне бiржола ендiм бiлем
«Мың бiр түндей» ғажайып əңгiменiң.

Толық

Сұлулық

Қандай сұлу
Отпен ойнап,
Құрыш құйған болатшы!
Қандай сұлу

Толық

Өзім туралы

Менің жаным нәзік, неге болсын мүжілем,
Түсінбейді мені көбі, оларға мен не дер ем?
Тұңғиыққа түсіп кетіп, шыға алмай ,
Серпіле алмай отырған мен не берем?

Толық

Сұлулыққа құмартпайтын жан бар ма екен?

Сұлулыққа құмартпайтын жан бар ма екен?
Тіршіліктің өзі де тұрмайды ма әдеміден.
Сұлулыққа тамсанамыз таңдай қағып,
Сұлулармен тамаша ғой өмір деген.

Толық

Жаңбырдан соң

Жаңбырдан соң күн шығады жарқырап,
Нұрланады әдемі боп шартарап.
Бүкіл дүние кеткендей ғой жайқалып,
Таңданасың қандай сұлу,о, ғажап!

Толық

Сұлулық

Нәп-нәзік гүлім менің,
Неге ерте назарыма ілікпедің?
Суып қалған, селт етпес жүрегімнің,
Осыншама туларын біліп пе едім?..

Толық