Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (414)

Қоңыр ән (2 нұсқа)

Бәйгеден озып келген атты айналайын,
Ер жігіт сынамай ма бақ, талайын.
Құрбылар айт деп өзі бұйырған соң,
Құйқытып қоңыр әнге (айнам) мен салайын.

Толық

Қоңыр гүлім

Етің аппақ көрінер жауған қардан,
Жігіттің арманы жоқ сені алған.
Дариясында мұхиттың сіз қоңыр қаз,
Тоятқа шабыт қылған біз бір тарлан.

Толық

Қоңыр жай (1 нұсқа)

Бозбалаға ат қайда қарагердей,
Көкірегім кең сарай—дала, жердей, қоңыр жай.
Жаман жолдас, шабан ат, өтпес пышақ,
Кәрі бүркіт түлкі алмас—бәрі бірдей, қоңыр жай.

Толық

Қоңыр жай (2 нұсқа)

Қызды ауылды көрдің бе қиядағы,
Қыздан көңіл қалған жоқ сірә дағы.
Бәрінен де сен сұлу көрінесің,
Баласындай сұңқардың ұядағы.

Толық

Қоңыр жел

Ей! Жігіт, бол майда болсаң тал жібектей,
Пайда жоқ қатты болсаң тікенектей.
Я батыр, я балуан болсаң дағы,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.

Толық

Қоңыр көк

Атым мінген астыма қоңырым-ай,
Қолыңнан жедім секер омырып-ай.
Атпен түлкі түсімде соғып жүрмін-ай,
Тұрдым да сол қоңырға жорыдым-ай.

Толық

Қоңыр қаз-үйрек

Өлеңді қиыстырып әнге парлас,
Сөз болса қанағатсыз, құлақ салмас, ах-уай.
Өлеңді өрнегімен қиыстырып,
Сөзінде айтушының жылу болмас, ах-уай.

Толық

Қос балапан

Шұбартаудың басында қос балапан,
Сол таудан дария тасып су тараған.
Көркем жігіт, әсем қыз—бәрі сонда,
Япыр-ау, неге келдім сол арадан.

Толық

Қос өрік

Қайғысыз ғазиз жүрек зарламайды,
Шын достар бірін-бірі алдамайды.
Тас төсек, ұйқың келсе, болар мамық,
Ғашықтық сұлулықты талғамайды.

Толық

Қош, аман бол

Жасымнан болдым құмар, сәлем саған,
Күн бар ма дидарласар есен-аман!
Жалғанда сенсіз маған қызық бар ма,
Тілекке жететұғын туды заман.

Толық

Қоян

А, ей, а, ей-ай.
Көкше қоян келесің құмды жанап,
Сүйел аяқ келеді сені қалап, көкше қоян.
А, ей, а, ей-ай.

Толық

Қуатжан

Жақсының өзі жалғыз, ақылы егіз,
Дос екеу болған күнде, дұшпан сегіз,
Қуатжан!
Осындай қатар құрбым кез келгенде,

Толық

Құбажай (1 нұсқа)

Бозбалаға лайық ойнап-күлмек,
Үйлесімді заманның жөнін білмек.
А-ай! Құбажай,
Осынау әнім, ә, жанға жай.

Толық

Құбажай (2 нұсқа)

Ар жағында Ертістің нұр жайлаған,
Біздің қалқа көрдің бе жылқы айдаған?
Құбажай,
Қоңыр да салқын жанға жай.

Толық

Құдаша

Толқынындай дарияның қара шашың, ей, ахау,
Жаңа туған айдай ғой, қиғаш қасың-ау!
Жаңа туған айдай ғой, а, ай, қиғаш қасың, құдаша-ай.
Алқызыл гүл жанады екі бетің, ей, ахау,

Толық

Құрбылар

Ашылып бұлақ көзі, ақты қайнап,
Жерімнің түрі кілем жатыр жайнап.
Күн туады күлімдеп,
Әнге басар құрбылар.

Толық

Құрбым

Айналайын, қарағым, асыл айнам-ай,
Құрбы болып, қанекей, тиген пайдаң,
Тиген пайдаң, құрбым-ай.
Бұдан артық күтуге еш жайым жоқ-ай,

Толық

Құрбым-ай (1-нұсқа)

Атым мінген астымда ақ кіндікті,
Сенің үйің белгілі боз түндікті.
Угай-ай, угай-ай, құрбым, ай-ау.
Ат өксітіп алыстан келгенімде,

Толық

Құрбым-ай (2-нұсқа)

Біздің ауыл, мінекей, колхоз аулы,
Өсуіне колхоздың еткен қаулы.
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,

Толық

Құрбым-ай (3-нұсқа)

Есік алды қара су ылай-ай деп, ай!
Сермей салдым қолымды, ал құбым-ай,
Былай-ай деп, ай!
Сен сәулемнің кетерін ойлағанда-ай,

Толық