Әке
Ержетуді ойлап ертерек,
Шаттанып, шалқып жүріппін.
Келеді мені жетелеп,
Бір сенің аппақ үмітің.
Он алтыға толдың, бауырым, бүгін сен,
Далаң анау, асыр салып жүгірсең.
Көзің жетер кеңдігіне дүниенің
Көкжиекке ұзағырақ үңілсең.
Әр жыл сайын әлдеқайдан бір құпия жел есер,
әр жыл сайын түн қойнында әлдекімдер кеңесер.
Жиырма миллион!
(нольдері көп демесең)
Әкем — менің тәңірім, пайғамбарым,
ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,
біліп алған, япыр-ау, қайдан бәрін?!
Бір Аллаға әрқашан табынамын,
Орамалды сондықтан тағынамын.
"Қызым менің құлыным" дегеніңді,
Қатты-қатты әкешім сағынамын.
Жүріп келеді,
Тұрып көреді ұландар
Қаһарлы жолын әкелердің.
Жөнді сол жүйе, —
Балаларым — балапандарым,
Аймаңдай айдарыңнан алақандарым
Сипағанын сағынарсыңдар мен жоқта,
Тағдырыңа табынарсыңдар мен жоқта,
Айтылып жүректердің иманды әні,
Мол болсын тағдырдың да сыйлар бағы.
Шаттығын шаңырақтың бөлісуге
Тілекші ел отыр тағы жиналғалы.
Әкешім, сағындым сені, білемісің?
Сағынышымды жеткізуге жетпейді күшім.
Есейді, кешегі кішкентай балапаның,
Қызым-деген сөзге зар болып, түсінемісің?
Әке, қалай жағдайың?
Күтуші едім қашан сізді көрем деп.
Аяз ата көрсем бұрын әрдайым
Сіз бе екен деп қарайтынмын елеңдеп.
Əке көңiлi қалып бiр,
Тергеуге ұлын алып тұр.
– Ел не үшiн мектепке
Түсiндiршi, барып жүр?
– Жүзiм, – дейдi бiресе,
– Қауын, – дейдi бiресе,
Əкеледi əкесi
Ұлы ненi тiлесе.
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі