Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (33) Өлеңдер (52) Мақал-мәтелдер (280) Ұлағатты сөздер (314) Әзіл, анекдоттар (2)

"ақыл" туралы Мақал-мәтелдер

"ақыл" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "ақыл" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Билердің сөзі – ақылдың көзі.

Ілмектер: би, сөз, ақыл, көз, мақал, мәтел
WhatsApp Telegram

Ақыл — бұл күштен әлдеқайда көп нәрсе. Күш пайдасыз жерде ақыл көмектеседі.

Ілмектер: мысыр мақалы, ақыл, күш
WhatsApp Telegram

Ақылың барда адамдарды танып ал.

Ілмектер: ақыл, адам, өзбек мақалы
WhatsApp Telegram

Егер сiз осынша ақылды болсаңыз, онда неге бай емессiз....

Ілмектер: ақыл, байлық, бай, америка мәтелі
WhatsApp Telegram

Бұрынғы ханның билігі жүрмес,
Кейінгі ханның ақылы жүрмес.

Ілмектер: билік, ақыл, хан
WhatsApp Telegram

Бұрын қонғаннан қоныс сұра,
Бұрын туғаннан ақыл сұра.

Ілмектер: ақыл, қоныс, туған
WhatsApp Telegram

Болат кездік қап түбінде жатпайды,
Ақылы жоқ жаманды егеулеп тұрсаң, батпайды.

Ілмектер: болат, ақыл, ақымақ, қап
WhatsApp Telegram

Бойың қисық болса да,
Ақылың түзу болсын.

Ілмектер: бой, қисық, ақыл, түзу
WhatsApp Telegram

Бойдақтың ақылы — екі көз.

Ілмектер: бойдақ, ақыл, екі, көз
WhatsApp Telegram

Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.

Ілмектер: кеңес, сөз, ақыл, ұры, халық, той, ертең, би
WhatsApp Telegram

Бармақтай бақыт қара суды теріс айналдырған ақылдан артық.

Ілмектер: бақыт, су, қара, ақыл, артық
WhatsApp Telegram

Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай көп сөйлеген, жұрт ішінде өлер.

Ілмектер: бала, тәрбие, ақыл, жұрт
WhatsApp Telegram

Әркімнің өз ақылы кемел көрінеді.

Ілмектер: ақыл, кемел
WhatsApp Telegram

Әрбір адам ақылды бола бермейді,
Жат пен жақын бірдей бола бермейді.

Ілмектер: ақыл, жат, жақын
WhatsApp Telegram

Әлем билеу үшін зерде тірек қой,
Ел билеуге керек ақыл, жүрек, ой.

Ілмектер: әлем, ақыл, билік, жүрек, ел
WhatsApp Telegram

Әйелдің ақылы қысқа, шашы ұзын.

Ілмектер: әйел, ақыл, шаш, қысқа, ұзын
WhatsApp Telegram

Ашулыда ақыл болмас,
Ақыл көп болса, ашу нетер.

Ілмектер: ашу, ақыл, көп
WhatsApp Telegram

Ашу — кәпір, ақыл — дос,
Ақылыңа ақыл қос.

Ілмектер: ашу, кәпір, ақыл, дос
WhatsApp Telegram

Ашу алда, ақыл артта.

Ілмектер: ашу, ақыл, арты, алды
WhatsApp Telegram

Асыққан — ақылдының ісі емес,
Жүгіргеннің ішегі көгермейді.

Ілмектер: асығу, жүгіру, ақыл
WhatsApp Telegram