Мал — Мақал-мәтелдер жинағы - 5-бет
Бұл бөлімде "мал" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Елге мал көптік қылмайды,
Жерге тал көптік қылмайды.
Тарыға май көптік қылмайды,
Күрішке су көптік қылмайды.
Ілмектер:
ел, мал, жер
Мал саусаң — сүт,
Жер саусаң — құт.
Ілмектер:
мал, жер
Мал семіз —
Төл егіз.
Жер семіз —
Дән егіз.
Ілмектер:
мал, төл
Артық мал
Ақы сұралмайды.
Ілмектер:
мал, ақы
Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.
Ілмектер:
мал, жан, қайғы
Малсызға
Малға балап ұйқы берер.
Арсызға
Арға балап күлкі берер.
Ілмектер:
мал, ар, күлкі, ұйқы
Басы аманның малы түгел,
Елі аманның жаны түгел.
Ілмектер:
мал, амандық
Бітпеген малдан үміт,
Шықпаған жаннан үміт.
Ілмектер:
мал, жан, үміт
Шөмелені шөбім бар деме,
Несиені малым бар деме.
Ілмектер:
несие, мал
Жылқы атасы — Қамбар ата,
Сиыр атасы — Зеңгі баба,
Түйе атасы — Ойсыл қара,
Қой атасы — Шопан ата,
Ешкінің иесі — Сексек ата.
Ілмектер:
жан-жануар, төрт түлік мал, төрт түлік пірлері, Төрт түлік, мал, Жылқы атасы, Сиыр атасы, Түйе атасы, Қой атасы, Ешкі атасы
Өлеңді жерде
Өгіз семіреді,
Өлімді жерде
Молда семіреді.
Ілмектер:
мал, өлім, молда
Қатты қыстан мал қалса — олжа,
Қатты аурудан жан қалса — олжа.
Ілмектер:
олжа, ауру, мал
Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.
Ілмектер:
адам, мал
Ағайын — ащы, мал — тұщы.
Ілмектер:
ағайын, мал
Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
Ілмектер:
мал, ар
Жаманның үсті су болса,
Кеппестей көрер;
Жаман адамға мал бітсе,
Кетпестей көрер.
Ілмектер:
жаман, мал
Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.
Ілмектер:
жер, мал
Өрісіне қарап мал өсер, өзеніне қарап тал өсер
Ілмектер:
мал
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі