Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (159) Өлеңдер (90) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (356) Ұлағатты сөздер (227)

Тіл — Мақал-мәтелдер жинағы

Бұл бөлімде "тіл" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін.

Ілмектер: тіл, тірлік, бірлік
WhatsApp Telegram

Тіл – ақылдың өлшемі.

Ілмектер: тіл, ақыл, өлшем
WhatsApp Telegram

Тамшы тас жарады, тіл бас жарады.

Ілмектер: тіл, тас
WhatsApp Telegram

Ұлттың өшуі, тілдің өшуінен басталады.

Ілмектер: ұлт, тіл
WhatsApp Telegram

Өнер алды қызыл тіл

Ілмектер: Тіл
WhatsApp Telegram

Білімдар нәпсі, тілді түзетеді,
Екеуін еркі жетіп күзетеді.

Ілмектер: білім, тіл, нәпсі
WhatsApp Telegram

Білікті біліп айтар, сөзін ұтар,
Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар.
Білімсіз не айтса да, білмей айтар
Өз тілі өзінің кеп басын жұтар.

Ілмектер: біліктілік, білікті, тіл, білім, білімсіз
WhatsApp Telegram

Білмегенді «білем» деген — күпірлік,
Тілді білген мәнін де ұғар, шүкірлік.

Ілмектер: тіл, бәлмеу, мән, шүкірлік
WhatsApp Telegram

Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.

Ілмектер: дана, көңіл, тіл, ризық
WhatsApp Telegram

Беземе тілді бекер, болар қамшы,
Дәрісі оның у ғой бір-ақ тамшы.

Ілмектер: дәрі, у, тіл, қамшы
WhatsApp Telegram

Басқа бәле қайдан? Тілден.

Ілмектер: бас, бәле, тіл
WhatsApp Telegram

Бас кетпесін, сөзіңді бақ күзетіп,
Тіс сынбасын, тіліңді бақ түзетіп.

Ілмектер: бас, тіс, денсаулық, сөз, тіл
WhatsApp Telegram

Барынша бөсіп мақтанғанша,
Тілді тістеп ұстаған жөн.

Ілмектер: тіл, мақтану, мақтаншақтық, тіс
WhatsApp Telegram

Ашыққан ұры болады,
Ашынған тілді болады.

Ілмектер: аштық, ұры, тіл
WhatsApp Telegram

Ауыз бен тілдің көркі — сөз.

Ілмектер: ауыз, тіл, көрік, сөз
WhatsApp Telegram

Ат аяғы ақсауық,
Ақын тілі қақсауық.

Ілмектер: ат, аяқ, ақын, тіл
WhatsApp Telegram

Арамзаның тіліне нанба,
Алтын берсе алма.

Ілмектер: арамза, тіл, нану, алтын
WhatsApp Telegram

Адам тілден табады,
Сиыр мүйізінен табады.

Ілмектер: адам, сиыр, тіл
WhatsApp Telegram

Тіл – адам ойының айнасы.

Ілмектер: тіл, ой, айна
WhatsApp Telegram

Өткір тіл – дарын,
Ұзын тіл – жауың.

Ілмектер: тіл, тіл туралы, өткір тіл, ұзын тіл
WhatsApp Telegram