Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (74) Өлеңдер (156) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (20) Ұлағатты сөздер (75) Әзіл, анекдоттар (1)

Арман — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "арман" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

БІР АРМАНҒА ЖЕТУ ҮШІН, МЫҢ АРМАННАН АТТАП ӨТУ КЕРЕК

«Мың арманнан аттап өту керексің,
Бір арманға жету үшін қалайда…»
деп жырлаған Мұқағали Мақатаев адам өмірінің үлкен шындығын бар болмысымен ашып берді.

Адам баласының жүрегіндегі қалауы, арманы – тұңғиық мұхит тәрізді. Бір арманға жетсе, көңілінің төріне жаңа арман жайғасады. Адам нәпсіге байланған тіршілік иесі. Қалауы шексіз. Уақыты шектеулі.

Ілмектер: арман
WhatsApp Telegram

«Төзу мен табандылық — арманға апарар көпір.»

Ілмектер: төзу, табандылық, арман, көпір Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

«Өзіңе инвестиция салудан ешқашан тартынба — бұл ең пайдалы салым.»

Ілмектер: инвестиция, Білгеннің пайдасы, Жастар, өнеге, Білімдіден шыққан сөз, арман Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

«Үйрену — мәңгілік жол. Тоқтаған жерің — өсуіңнің аяқталғаны.»

Ілмектер: мәңгілік, буын, Жастар, еңбек, арман Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

«Білім — сенің ең мықты қаруың. Ол сені ертеңгі күнге дайындайды.»

Ілмектер: білім алу, білім, еңбек, болашақ, арман Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

«Бүгінгі талпыныс — ертеңгі жетістікке бастар жол.»

Ілмектер: еңбек, Жастар, болашақ, арман, Жетістік, Армандар Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

«Армандаудан қорықпа — үлкен өзгеріс кішкентай армандардан басталады.»

Ілмектер: арман, Армандар, Жастар, болашақ Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

Дүниедегі ең барып тұрған арман, барып тұрған қайғы творчестводан аса алмас.

Ілмектер: арман, қайғы Баубек Бұлқышев
WhatsApp Telegram

Үмітпен өрден асасың, үміт — көркі көңілдің,
Арманмен алға басасың, арман — көркі өмірдің.

Ілмектер: арман, үміт, көрік, өмір, көңіл Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Бір арманға қол жетсе, екінші арман туады,
Түлкі боп кейде ол кетсе, қыран боп адам қуады.

Ілмектер: арман, түлкі, қыран Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Ағылшынның арманы — алды-артын қоршаған ағыл-тегіл су үстінде тұрған корабльдегі азғана топтың капитаны атану.

Ілмектер: ағылшын, арман, капитан, кеме Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Арман-мақсаты серьезно четкий адам, оған ЖЕТПЕЙ ӨЛМЕЙДІ. Себебі жетістіктің кайфы оған өлім туралы ойлатқызбайды.

Ілмектер: өлім, жетістік, арман, мақсат Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Тіпті арманнан да тосап жасауға болады, тек жемістер мен қант қоссаң болды.

Ілмектер: арман, тосап, жеміс, қант Станислав Ежи Лец
WhatsApp Telegram

Арман – бос қиял, мақсат – бос ерік-жігер, ең жақсысы – бүгін күнің кешегі күнмен салыстырғанда одан әрі дамуың. Кейін өзгені кінәламау үшін (тағдырды, Алланы, өмірді), арман-мақсаттар адам сенерлік, өмірде жүзеге асыра алатындай болуы керек.

Ілмектер: Арман, мақсат, қиял, ерік, жігер, жақсы, бүгін, кеше, даму, Кінәлау, тағдыр, Алла, өмір, сенім Narsha Bulgakbaev
WhatsApp Telegram

Танымда арман мен түс араласып келіп отырады.

Ілмектер: таным, арман, түс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
WhatsApp Telegram

Өмір жолы ұзақ — аңсатады, арманыңа жеткенше.
Өмір жолы қысқа, көзді ашып-жұмасың, көріңе жеткенше...

Ілмектер: аңсау, жол, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, арман, көр Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Армандаушылар сенетін нәрсеге ұмтылады.

Ілмектер: арман Ашер
WhatsApp Telegram

Арманың ақ сағым,
Тағдырың — қас-қағым.

Ілмектер: арман, тағдыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Қол қысқа, ой ұзын, арман биік. Қол ұзын болса әгәр, құтылмас еді-ау арман деген бәтшағар.

Ілмектер: қол, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, арман Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Парыз — арман мен даңқ шыңы.

Ілмектер: парыз, арман, даңқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram