Тәуелсiздiктiң қайта оралғаны – бiздiң ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресiнiң заңды өтеуi. Жаратқан иенiң жасаған әдiлдiгi. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жердi ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен қорғап қалғанының арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай елде болмас едi.
Ілмектер: тәуелсіздік, ел, жер, ата-баба, күрес Нұрсұлтан Назарбаев
Бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанда соғыс рақымсыздықпен тең, ал Отан үшін күресу – бұл әркімнің міндеті.
Ілмектер: бейбіт, соғыс, отан, күрес, міндет Ги де Мопассан
Біздің заманда бейқам кісі ғана түрін жасқа бермейді. Күрес, бейнет, ой күйігі, ашу-ыза адамдардың бетіне қашан да із түсіреді.
Ілмектер: заман, адам, түр, күрес, бейнет, ашу, ыза, із Бауыржан Момышұлы
Рахатпен күресу ашу–ызамен күрескеннен де қиынырақ.
Ілмектер: күрес, ашу Гераклит
Жақсы күрескер байбалам салмайды, дайындалады. Ол ойламайды да, армандамайды да, кез келген жағдайға дайын болады.
Ілмектер: күрес, арман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли
Күнәһәрмен емес, күнәнің өзімен күресу керек.
Ілмектер: күнә, Күнәһәр, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махатма Ганди
Менен «Не үшін күресіп жатырмыз?» деп жиі сұрайды. Менің жауабым: «Күресіп болғаннан кейін білесіңдер».
Ілмектер: күрес, сұрақ, жауап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль
Батылдық деген қорқыныштың жоқтығы емес, батылдық — қорқынышпен күресу және оны жеңе білу.
Ілмектер: Батылдық, қорқыныш, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жеңіс Марк Твен
Адам өзiн әшкерелемес үшiн, ақиқатпен күресе бастағаннан өткен бақытсыздық жоқ.
Ілмектер: ақиқат, күрес, бақытсыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль
Өмір үшін өлгенше күрес.
Ілмектер: Өмір, өлім, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Әділетсіздікке бейтарап болу мүмкін емес. Әділетсіздікпен не күреседі, не серіктес болады.
Ілмектер: әділет, күрес Альберт Камю
Адамдар күресуден бас тартып, жеңіліске ұшырайды.
Ілмектер: адам, күрес, жеңіліс, бас тарту Генри Форд
Дүниеге шын данышпанның келгенiн бар ақымақтың оған қарсы күреске бiрiккенiнен байқауға болады.
Ілмектер: дүние, данышпан, ақымақ, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт
Өмірге даналыққа тамыр жіберген дара дарынды адам келгенін қалай білуге болады? Түк те қиындығы жоқ. Кілең орташа қабілет иелері мен жүн бастар сол адамға қарсы ұйымдасқан түрде күрес аша бастайды.
Ілмектер: дана, дарын, дара, адам, қабілет, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт
Көбіміз жаман ойлауға әдеттеніп қалғанбыз және оны женбек тұрмақ қалай күресуді білмеуіміз мүмкін. Жаман ойдан қашу үшін неше түрлі амалдар жасаймыз. Бірақ ол амалдардың барлығы сыртпен байланысты болғандықтан олардың көмегі уақытша, тұрақты емес, алдамшы ғана.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, жаман, ой, Әдет, жеңіс, күрес, білім алу, қашу, амал, көмек, уақытша, Алдамшы дүние, тұрақтылық Нарша Булгакбаев
Өмір — күрес. Мен сол өмірдегі «майданның белгісіз сардарымын, жеңуге де, жеңілуге де дайынмын». Адамзат сезім патшалығын сол қалпында сақтап қалу үшін күреседі. Мен туралы «күрес үшін жаралған жан» дегенді жиі естимін.
Ілмектер: Өмір, күрес, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Техника қаншама жетілгенмен, дамығанымен, бәрібір күрестің құралы ретінде қалады.
Ілмектер: Техника, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, күрес Бауыржан Момышұлы
Ерлік дегеніміз әскери тәрбиенің, ширыққан ішкі күрестің, ең алдымен адамның өзін жеңе білген күресінің нәтижесі.
Ілмектер: ерлік, нақыл, афоризм, тәрбие, күрес, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Өмір үшін күрес — ұрыстағы қорғаушы күш.
Ілмектер: өмір, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Күрестің мән-мағынасын терең көркемдікпен ашып көрсету — хас суреткердің ұлы міндеті мен парызы.
Ілмектер: күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, парыз, міндет Бауыржан Момышұлы
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі