Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "афоризм" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы.
Ілмектер: адам, денсаулық, нақыл, афоризм Әл – Фараби
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.
Ілмектер: ақыл, мінез, бақыт, нақыл, афоризм Әл – Фараби
Кәріге жігітшілік жараспайды.
Ілмектер: кәрілік, жастық шақ, нақыл, афоризм Құтып
Ұлы ақыл иелеріне аз сөзбен көпті білдіру тән болса, ақылы шамалы адамдар, керісінше, көп сөйлеп, ештеңе де айтпау дарынына ие.
Ілмектер: ақыл, дарын, сөз, сөйлеу, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко
Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі -топастық, екіншісі - жалқаулық.
Ілмектер: жалқаулық, нақыл, афоризм Платон
Ғақлия көзбен қарасаң,
Ілмектер: дүние, көз, көзқарас, нақыл, афоризм Әл – Фараби
Дүние – ғажап, сен – есік.
Жаһлы көзбен қарасаң,
Дүние – қоқыс, сен – меншік.
Тәрбие біздің жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да, қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуі керек.
Ілмектер: тәрбие, қоғам, нақыл, афоризм Клод Гельвеций
...Баланы өмірдің өзінен қорғауға болмайды.
Ілмектер: бала, өмір, нақыл, афоризм Антон Макаренко
Абыройсыздықпен өмір сүргенше, батылдықпен өлген артық.
Ілмектер: абыройсыздық, батылдық, нақыл, афоризм Сократ
Тәрбие – кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.
Ілмектер: тәрбие, нақыл, афоризм Мағжан Жұмабаев
Ойдағы қателік сөздегі қателікті тудырады, сөздегі қателік істегі қателікті тудырады.
Ілмектер: сөз, қателік, іс, нақыл, афоризм Дмитрий Иванович Писарев
Менің бүкіл өмірімді ұзыннан-ұзаққа созылған тәрбие алу барысы деуге болар еді.
Ілмектер: өмір, тәрбие, нақыл, афоризм Клод Гельвеций
Өнер біткеннің барлығы сияқты, тәрбие өнері де табиғаттың кемістігін толтыруды мақсат етеді.
Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм, тәрбие Аристотель
Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек.
Ілмектер: тәрбие, нақыл, афоризм, бала Антон Макаренко
Шын білім – ақиқат, анық білім.
Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Әл – Фараби
Құдай берейін десе - ақылдының да, ақымақтың да тілегін береді.
Ілмектер: нақыл, афоризм, қалау, ақылды, ақымақ, тілек Құтып
Балалық шақтағы, есею және ерте жастық кездердегі еңбекпен шұғылданған өмір адамның дене бітімінің дұрыс қалыптасуының маңызды бір шарты.
Ілмектер: бала, өмір, балалық шақ, еңбек, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі