Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "Әлем" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады.
Ілмектер: адам, әлем, басқару Дейл Карнеги
Біз жақсы адамдардың саясатта жолы болмайды деген түсінгі бар әлемде өмір сүріп жатырмыз.
Ілмектер: Дональд Трамп, жақсы, саясат, Әлем, Қоғам Дональд Трамп
Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол.
Ілмектер: өзгеріс, әлем, нақыл сөздер Махатма Ганди
Әлемде екі құдіретті күш бар: қылыш пен рух. Соңында, рух қылышты жеңуі тиіс.
Ілмектер: әлем, қылыш, рух, күш, құдірет Наполеон Бонапарт
Сен әлемді жаулап алма, өйткені, онда сансыз қайғы-қасірет бар, сен одан да адамның жан дүниесін меңгер, оларда қанша әлем бар екенін көресің.
Ілмектер: әлем, қайғы, қасірет, дүние, адам Мұхаммед Хайдар Дулати
Не іске де әйел араласса, бәрі жақсы аяқталатынына сенімдімін. Әйел әлемді басқаратынын түсіндім.
Ілмектер: әйел, әлем Габриэль Гарсиа Маркес
Болашақ қазірден бастап қалану керек. Оны жоспар дейді. Онсыз бұл әлемде ештеңеде жақсы болмайды.
Ілмектер: болашақ, жоспар, әлем Георг Лихтенберг
Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.
Ілмектер: әйел, ана, бала, әлем Мұхтар Әуезов
Әлемді түгел білсе де,
Ілмектер: өмір, адам, әлем, қызық, қанағат Бұқар жырау
Қызығын қолмен белсе де,
Қызықты күн қырындап,
Қисынсыз күйге түссе де —
Өмірге тоймас адамзат!
Егер сен бір нәрсені қаласаң, бүкіл әлем оның орындалуына себепші болады.
Ілмектер: қалау, әлем, себеп Пауло Коэльо
Жаһандық әлем өңiрлер бойынша бiрiгуде – бұл қазiргi дүниеде аман болудың шарты да. Бiз озық болдық, бiз мұны белсендi түрде жүзеге асырдық, бiз сөйтiп табысқа қол жеткiздiк.
Ілмектер: әлем, жаһан, дүние, табыс Нұрсұлтан Назарбаев
Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы - өзінің ОЙЫ ғана.
Ілмектер: адам, әлем, ой, дос Оралхан Бөкей
Өз сана-сезіміңізді өзгерте отырып, Сіз өз Әлеміңізді жасайсыз.
Ілмектер: сана, сезім, әлем Уинстон Черчилль
Әлемді түгел көрсе де,
Ілмектер: әлем, адамзат, алтын Бұқар жырау
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
— Қызыққа тоймас адамзат!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі