Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (52) Өлеңдер (163) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (165) Ұлағатты сөздер (150) Әзіл, анекдоттар (1)

Дос — Ұлағатты сөздер жинағы - 4-бет

Бұл бөлімде "дос" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Өзіне дос іздемейтін адам өзіне өзі дұшпан.

Ілмектер: дос, дұшпан Шота Руставели
WhatsApp Telegram

Досын сатқан қосын сатқанмен бірдей.

Ілмектер: сатқындық, дос, достық Тоқсары
WhatsApp Telegram

Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.

Ілмектер: дос Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Досыңды қасыңда болған кезде ғана емес, болмаған кезде де есіңе ал.

Ілмектер: дос Фалес
WhatsApp Telegram

Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасында.
Қиналады — сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң — ұйықтамайды ол дағы.

Ілмектер: дос, қуаныш, қиындық Уильям Шекспир
WhatsApp Telegram

Қиын күнде қол үшін берген — нағыз дос,
Жайшылықта "доспын" деген жай сөз.

Ілмектер: дос Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса— іздеп таба алмайсың.

Ілмектер: жаман, дос Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Англияның мәңгілік достары жоқ, оның тек мәңгілік мүдделері ғана бар.

Ілмектер: Англия, дос, мүдде Уинстон Черчилль
WhatsApp Telegram

Жаннан артық сенімді дос таппадым,
Құпиямды тек жүрекке сақтадым.

Ілмектер: құпия, жүрек, дос, сенім Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр
WhatsApp Telegram

Достарым бар дегенде,
Досы жоқ.

Ілмектер: дос Аристотель
WhatsApp Telegram

Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын алма.

Ілмектер: ақымақ, дос, достық, дана, алтын Омар Хайям
WhatsApp Telegram

Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.

Ілмектер: дос, достық, өмір Аристотель
WhatsApp Telegram

Бақытсыздықта нағыз дос табылар.

Ілмектер: дос Эзоп
WhatsApp Telegram

Дос болма майда тілді күлгенменен,
Беймағына сырты жылтырап жүргенменен.

Ілмектер: дос Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Досың кім деп сұрағанда, Зенон: басқа Мен деп жауап қатты.

Ілмектер: дос Зенон
WhatsApp Telegram

Кімнің досы жақсы болса, өзі де жақсы болады.

Ілмектер: дос Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар.

Ілмектер: дос, дұшпан, қалам, кітап Жан-Жак Руссо
WhatsApp Telegram

Жақсы дос бойға жарасады,
Жақсы жолдас ойға жарасады.

Ілмектер: дос, ой, жолдас Әлішер Науаи
WhatsApp Telegram

Әркімнің жолдас болсын сүйген досы,
Біріксе айырылмасын көңіл қошы!

Ілмектер: жолдас, дос, көңіл Баубек Бұлқышев
WhatsApp Telegram

Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.

Ілмектер: бұлбұл, қарға, Достық, дос, жақсы, жаман Жалаладдин Руми
WhatsApp Telegram