Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (24) Өлеңдер (55) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (143) Ұлағатты сөздер (173) Әзіл, анекдоттар (2)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"халық" туралы Ұлағатты сөздер

"халық" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.

Ілмектер: бірлік, ел, халық, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Халықтан мейірім кетті,
Момынға телі-тентек тақымы өтті,
Талтүсте талапайда ақым кетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Ілмектер: халық, мейірім, момын, заман, нақыл, афоризм Қожа Ахмет Йассауи
WhatsApp Telegram

Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті.

Ілмектер: қауым, зиялы, халық, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

Ілмектер: тұрмыс, тіл, мінез, халық, афоризм, нақыл Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Дариға, жігіт қайда өнер тапқан,
Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан?

Ілмектер: өнер, халық, қызмет, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Өзің білгенінді - халқыңа үйрет.

Ілмектер: халық, білім, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Мен ағайынды екеумін: біреуі - өзім, екіншісі - халқым.

Ілмектер: халық, афоризм, нақыл, қоғам, мемлекет, заман Сырым Датұлы
WhatsApp Telegram

Халықтың жайын, салтын, рәсімін, тілін білмейтін сот – сот емес, сор.

Ілмектер: халық, сот, салт, рәсім, тіл Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Қайсысын таңдау керек? Шекспирдің «Үнемі өзіңмен-өзің болып қалуы» ма, әлде оған кереғар «Өз бойыңдағы ең жақсы қасиеттерді жарқыратып ашу» ма? Елімізді көптен бірге мекендеп келе жатқан басқа да халықтармен бірге тығыз қарым-қатынаста дамыған жаңа қазақ ұлтының алдында тұрған қазіргі маңызды мәселе осы.

Ілмектер: қазақ, халық, таңдау Олжас Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Жалпы түгел тәуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана есерін түзеп, еріне медет бола алады. Қорлана бермей, арлана білейік. Намыстың сөзін сөйлейік.

Ілмектер: ел, тіл, дін, тарих, халық, намыс Әбіш Кекілбаев
WhatsApp Telegram

Халықтың басы қосылған орында қазақ тілінің маңызын, тілін жүзеге асыратын курстарға қолынан іс келетін таза жігіттерін жіберсін. Халықтың ұмтылуы, ел ынтасы деген осындай ретпен табылады. Істің бәрін жоғарыдан күтіп отырып, өзіне берілген құқықтарын пайдалана алмаған ел еш уақытта қатарға кірмейді.

Ілмектер: халық, қазақ тілі, құқық Мәннан Тұрғанбаев
WhatsApp Telegram

Халқыңызды бақытты еткіңіз келсе, екі нәрсенің біреуін жасауыңыз тиіс. Оларды қанағаттандыратын нәрсені беріңіз: үздік тағам, үздік киім, үздік тұрғын-үй. Егер бұған мүмкіндік болмаса, осы жағдайда жетуге болатын жолды көрсетіңіз.

Ілмектер: халық, бақыт, үздік, үй, тағам, киім Ли Куан Ю
WhatsApp Telegram

Халық тарықса - үкімет жұтайды.

Ілмектер: халық, Үкімет, Қоғам Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Халық бүлінсе - саясат түзейді.

Ілмектер: халық, саясат Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Саясатта табысты болу – халықты өз көзқарасыңа иландырып, оларға анық, сыпайы, сабырлы әрі ашық түрде түсіндіруді қажет етеді.

Ілмектер: саясат, табысты болу, халық, көзқарас, сыпайылық, сабыр Нельсон Мандела
WhatsApp Telegram

Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы.

Ілмектер: ер, найза, халық, пайда Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Тіл ешбір уақытта өзге нәрселерге бас имеске тиіс. Біз оны бегірек те сүюге һәм түрлі жұқпалы шет тілдерден сақтауға борыштымыз. Тіл айна, оның ішіне бүтін халықтың тұрмысы түсіп тұрады.

Ілмектер: тіл, халық Ғұмар Қараш
WhatsApp Telegram

Ұмытпаңыз. Өзімізді басқа ұқсас халықтан айыратын белгіміз болған ана тілімізді білсек қана осы мақсаттарға жетпекпіз.

Ілмектер: тіл, мақсат, халық Ғұмар Қараш
WhatsApp Telegram

Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып түзілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады.

Ілмектер: халық, тіл, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Бір халықтың өз тілінде білім өнері болмаса, ол халықтың тілі бұзылып өзгерді һәм көршілес күшті халықтың тілімен әсірелеп…соған қол болады, оның ішінде жаңалықтар көбейеді. Ол кішкене ұлттарды жаңартып, жандандырылмаған ескі тілі өзінің барлық маңызын жояды һәм жылдам ұмытылады.

Ілмектер: халық, тіл, өнер Ғұмар Қараш
WhatsApp Telegram