Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (70) Өлеңдер (51) Мақал-мәтелдер (106) Ұлағатты сөздер (134) Әзіл, анекдоттар (7)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Әйел" туралы Ұлағатты сөздер

"Әйел" туралы ұлағатты сөздер жинағы.

Егер менің көршім өз әйелін күнде соққанда, мен олай етпесем, әлемдік статистика бойынша екеуіміз де екі күнде бір әйелдерімізді ұрған боламыз.

Ілмектер: статистика, әйел, көрші Бернард Шоу
WhatsApp Telegram

Жаман әйел - жақсы еркектің соры.

Ілмектер: әйел, жаман Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Әйелді қанша аз сүйсек,
Соншама жеңіл ұнаймыз.

Ілмектер: әйел, ұнау, сүю Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Құлқына құмарланып құшқаныңда,
Шайқалып тұрса алтын сырғалары.
Кәмшаты барқыт төбе қырын киген,
Қадалса империял һәм динары.
Ақылы жамалына болса лайық,
Жігіттің сол емес пе жан құмары.

Ілмектер: жігіт, әйел Шәңгерей Бөкеев
WhatsApp Telegram

Жігіттің болса алған жақсы жары,
Сен болсаң бір АЛЛАға еткен зары.
Баладай риясыз еркелеген,
Сен болсаң тағы да сол ынтызары.

Ілмектер: жігіт, әйел Шәңгерей Бөкеев
WhatsApp Telegram

Жаман әйел – жігіттің тайдырады табанын,
Тар қылады заманын.
Жақсы әйел – жігіттің жақсы қылар жаманын,
Ұшқыр қылар шабанын.

Ілмектер: жаман, әйел, жігіт, заман Майлықожа Сұлтанқожаұлы
WhatsApp Telegram

Кейбір уақытта әйел адамдар аман қалу үшін мыстан болуы керек.

Ілмектер: әйел, мыстан, адам Стивен Кинг
WhatsApp Telegram

Алғаның жаман жолықса:
Үйіңнің іші шаң болар,
Ісіңнің бәрі қам болар.
Сол әлімен тұрмайды,
Киім таңдап паң болар.
Әңгіме, жаңжал қоздырар,
Өзгеден өзін оздырар.
Жиынға киер жібекті,
Тезек теріп тоздырар.
«Қай жеріңнен тойдым» деп,
«Не көрсетіп қойдың» деп,
Тағы өзіңді жазғырар.

Ілмектер: әйел, киім, жаман Майлықожа Сұлтанқожаұлы
WhatsApp Telegram

Жаман әйел алғанның – жауы үйінде, жақсы әйел алғанның тойы үйінде.

Ілмектер: әйел, жаман, жау, үй, той Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram

Әйелдер әрдайым ер азаматтарынан адалдықты күтеді. Жылағанда жұбанышы, құлағанда қуанышы болғанды қалайды. Қандай да болмасын шешімді бірге қабылдағысы келеді.

Ілмектер: әйел, ер, жұбаныш, шешім Агата Кристи
WhatsApp Telegram

Әйел адам әрдайым жолдасының жанында жүру керек. Егер болмаса, онда ол оны ұмытуға хақысы бар.

Ілмектер: әйел, ұмыту Агата Кристи
WhatsApp Telegram

Жаман болса әйелің – арманда өтер өмірің,
Артылғандай есекке.

Ілмектер: жаман, әйел, есек, өмір, арман Майлықожа Сұлтанқожаұлы
WhatsApp Telegram

Ер жігіт – ел-жұртының панасындай,
Жақсы әйел әммә жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.

Ілмектер: ер, жігіт, пана, әйел, әйел, жұрт, бала, жақсы Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram

Әйел адамдар ешқашан құпия ұстауды білмейді. Бірақ олар жүрегінде сақтаған затты өлсе де айтпайды.

Ілмектер: әйел, құпия, жүрек Стивен Кинг
WhatsApp Telegram

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге – аю, балаға – қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Ілмектер: әйел, ағайын, туыс Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді.

Ілмектер: саясат, әйел, ой, зерек Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

Ілмектер: әйел, қазақ, жан жолдас, арман, егіз, адам Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.

Ілмектер: әйел, дүние, көз, байлық, мансап Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.

Ілмектер: әйел, сұлу, жау Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Шын сүйе білетін барлық әйел – патшайым.

Ілмектер: әйел, патшайым, сүю Александр Куприн
WhatsApp Telegram