Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (6) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (2918)

Афоризм — Ұлағатты сөздер жинағы - 68-бет

Бұл бөлімде "афоризм" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Торғай көкектiң балапанын ұзақ асырады, ақыр-соңында қанаттанған көкек оны шоқып тастады.

Ілмектер: торғай, көкек, балапан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир
WhatsApp Telegram

Байлық тұзды су сияқты: iшкен сайын шөлдетедi. Даңқ та сондай.

Ілмектер: байлық, тұз, су, даңқ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр
WhatsApp Telegram

Басшысыз үйде бала азар,
Тәртiп жоқ жерде жан азар,
Хан мисызда бәрi азар.
Iрiлiк кетiп жiгiттен,
Күн кешер бекер үмiтпен.

Ілмектер: бала, тәртіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, үміт Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Оқымыстының мына түрi есiркеуге лайық: түсiнедi — бiрақ iстемейдi, iстегенiн — түсiнбейдi.

Ілмектер: Оқымысты, нақыл, қанатты сөздер, афоризм, істеу, түсіну Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Нашар адамдар оларды жақсы танығаннан ұтады, ал жақсылар -ұтылады.

Ілмектер: адам, жақсы, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Георг Лихтенберг
WhatsApp Telegram

Әдетте оғаш қылық iстегендерге уағыз айтқанда бiзге қайрымдылығымыз емес, өзiмшiлдiгiмiз түрткi болады, бiз оларға түзету үшiн емес, өзiмiздiң қателеспейтiндiгiмiздi көрсету үшiн ақыл айтамыз.

Ілмектер: ақыл, қайрымдылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Сұңқарды сұңқар деу керек.
Тұлпарды тұлпар деу керек.

Ілмектер: сұңқар, тұлпар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова
WhatsApp Telegram

Кейде адам деп жүргенiң, адамға ұқсас жәндiк болып шығады.

Ілмектер: адам, жәндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Жеке қобызшы өзiн-өзi басқарады, ал оркестр дирижерлiк еткендi қажетсiнедi.

Ілмектер: басқары, оркестр, дирижер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Карл Маркс
WhatsApp Telegram

Мен, әрине, егер бәрi басқаша болса, жағдай оңалар едi деп айта алмаймын, бiрақ бiр бiлетiнiм: егер бәрi жақсы болуы үшiн, бәрi де басқаша болуы керек.

Ілмектер: жақсы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Георг Лихтенберг
WhatsApp Telegram

Дүниеге шын данышпанның келгенiн бар ақымақтың оған қарсы күреске бiрiккенiнен байқауға болады.

Ілмектер: дүние, данышпан, ақымақ, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт
WhatsApp Telegram

Байлықтың мәнi байлықты иеленуде емес, оны ұтымды пайдалана бiлуде.

Ілмектер: байлық, пайдалану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мигель де Сервантес
WhatsApp Telegram

Жек көрушiлiктен қатты қорқатын адам, басқара да алмайды.

Ілмектер: жек көру, қорқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека
WhatsApp Telegram

Өмiр ойын сияқты: бiреулер оған — жарысуға, басқалар — саудаласуға, ал ең бақыттылары — көруге келедi.

Ілмектер: өмір, жарысу, сауда, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор
WhatsApp Telegram

Өмір біздің мінсіз болуымызды әсте қаламайды. Өзін мінсіз деп санайтындардың орны музейде.

Ілмектер: өмір, мінсіз, музей, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ремарк Эрих Мария
WhatsApp Telegram

Достың ақыл-кеңесі — жауларға қарсы ең жақсы сүйеніш.

Ілмектер: дос, ақыл, кеңес, жау, сүйеніш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир
WhatsApp Telegram

Қошамет ақымақтардың сусыны дейдi. Дегенмен қаншама ақылды адамдар ауық-ауық онымен сусындаудан қашпас едi.

Ілмектер: қошамет, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джонатан Свифт
WhatsApp Telegram

Егер ауру оны қабылдауға ықылассыз болса, ең жақсы дәрi де оған көмектесе алмайды.

Ілмектер: ауру, ықылас, көмек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мигель де Сервантес
WhatsApp Telegram

Нашар өнiм алғаннан кейiн де себу керек.

Ілмектер: нашар, өнім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека
WhatsApp Telegram

Иә мен олардан ақылдырақпын, өйткенi өзiмнiң ештеңе бiлмейтiнiмдi бiлемiн, ал олар бiлмесе де бәрiн бiлемiз деп ойлайды.

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ
WhatsApp Telegram