Ұнамсыз iстердi жасыру жақсы емес, бiрақ оларды ашық iстеп, мақтан тұту одан да жаман.
Ілмектер: ұнамсыз, жаман, ашық, іс, мақтану, нақыл, жақсы, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой
Нашар дөңгелектiң салдыры басым. Дәнсiз масақ көкке бой ұрады.
Ілмектер: нашар, дөңгелек, масақ, дән, нақыл, афоризм Лев Толстой
Сен айналаңдағының бәрi ақымақ адамдар дейсiң. Егер сен осылай ойласаң, бұл өзiңнiң өте нашар адам екенiңдi көрсетедi.
Ілмектер: ақымақ, айнала, ой, адам, нашар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой
Бiлмегендiк ұят та, зиян да емес. Ешкiм де бәрiн бiле алмайды, ал бiлмейтiндi бiлемiн деу ұят әрi зиян.
Ілмектер: білмеу, ұят, зиян, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой
Ешкiмнен және ештеңеден қорықпа. Өзiңдегi ең қымбатты нәрсе ешкiмнен де, ештеңеден де зардап шекпейдi.
Ілмектер: қорқу, зардап, нақыл, қымбат Лев Толстой
Бiр нәрсенi өте iстегiң келген әрбiр жағдайда тоқта да ойлан: iстегiң келген нәрсең жақсы ма, жаман ба?!
Ілмектер: жаман, іс, жақсы, ойлану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
Ілмектер: мінез, адамгершілік, қасиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ыбырай Алтынсарин
Адамзат, сенің қасыретің сол, жастығыңды ақымақтықпен өткізіп, жасампаз шағыңды жалқаулықпен тауыстың. Енді көрге лақтырар қаңқаң ғана қалды. Пендеге де, батырға да, Адамның бүкіл ұрпағына ортақ мылқау өліктердің мәңгілік мекені бар екенін ұмытпа.
Ілмектер: адамзат, қасірет, жастық, жалқаулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иван Бунин
Барлық халық барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.
Ілмектер: халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз.
Ілмектер: сыйлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Өтіріктің қанатын қомдағанша, ауыртпалықтың жүгінен бүгілген артық.
Ілмектер: өтірік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Екіжүзділіктің балын татып жүргеннен, әділдіктің ащы уын ішкен артық.
Ілмектер: Екіжүзділік, бал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, у, әділдік Бауыржан Момышұлы
Адамдар неге жақсы әуендерді тыңдайды? Неге кітап оқиды? Өйткені барлығы жанын емдегісі келеді, болмысын қалыптастыруды қалайды. Барлығы әлемнің шындығынан жанын тасалайды. Жақсы әуен, жақсы кітап сенің басыңдағы жағдайды бір сәтке болса да ұмыттырады. Музыканың терең иірімдеріне бойлап, кітап атты өзге әлемнің ғажабына ену арқылы санаңды мазалаған сансыз сұрақтан арыласың.
Ілмектер: сана, музыка, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, кітап Конфуций
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер, іс Абай Құнанбайұлы
Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза қуаты артында болғаны. Егер де аузынан қара қан ағызса, домбыт, мақтаншақ, қорқақ.
Ілмектер: ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
…Түсінбеймін…Қара борбай кедейлер теңдік алсын. Бірдейлік орнасын. Бірақ, бәтір-ау, осы халықтың киер киімі, ішер асы бірдей болғанмен, құлқы бірдей бола ма?
Ілмектер: кедей, теңдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мінез, құлық Әбдіжәміл Нұрпейісов
Тәртіп кейде тәртіпсіздікті тудырады.
Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәртіп Бауыржан Момышұлы
Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді.
Ілмектер: Ақылгөйлік, өнеге, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Егер сіз кішкентай қалада туып-өскен болсаңыз да, сізде әрқашан жоғарыға көтерілуге мүмкіндік бар.
Ілмектер: мүмкіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Юрий Дудь
Ұлы ойлар идеяларды талқыға салады. Орта дәрежедегі ойлар жаңалықтарды талқыға салады. Ал ең төменгі дәрежедегі ойлар адамдарды талқыға салады.
Ілмектер: ой, талқы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элеонора Рузвельт
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі