Найман елі Қытай тарихында сегізінші-тоғызыншы ғасырда белгілі болған екен. Оқыран өзенінің басы Моңғолдан Ертіске дейін қоныстанған, Найман руының алғашқы патшасы Нарқыш Таян, Инаш қаған, Бұқа хан, Таубұға, Бұйрық хан және үлкен рулардың басшылары Тоқпан, Елата, Өкіреш, Кетбұға, Төлегетай, Сүгірші болған екен. он үшінші ғасырға дейін Найман руы өте күшті мемлекет болғаны рас, тарихта бар. Тек, Бұйрық, Таян, екі хан бауырлас болғанымен, берекелері болмай Найман елі ыдырай бастайды. Найман бабамыз Бұхарадан оқыған ғұлама молда болған көрінеді, жүзі ақ, киімді ақтан киіп, атты ақтан мінеді екен. Содан оны «Ақсопы» атаған.
Он бесінші ғасырда ресей еліне шекаралас отырған кезінде найман атадан Құлманай деген жалғыз ұл туып, жиырма жасында ерте қайтыс болған екен. Содан, әйелі Гүлшара жесір қалған. Найман ата сексен жасқа жақындап қалған кезінде жалғыз ұлы өлген соң, өкіріп мүлде жатып қалған. Бір жылға жуық жесір қалған келіні Гүлшара атасын күтіп отырады.
Гүлшара өте сұлу әрі ақылды әйел болған, қазына-мүлік, малға таласып әйелдің мазасын алған. Содан, Гүлшара орта жүздің игі жақсыларын шақырып, көк қасқа тай сойып, қонағын күтіп жайласқаннан кейін оларға: «Баршаларыңызға айтар сөзім бар», — деп ұлықсат сұраған.
«Мына Найман ата қартайғанда жылғызынан айрылып, тұра алмай қайғырып жатыр, оған қарамастан, мына мырзалар мені алам деп таласып, мазамды алды. Ал, көпшілік, аталарыңды тірідей жылатқанша, қолдарыңмен өлтіріңдер! Содан соң мен сіздерге тиемін бе? Жоқ басқа жаққа кетемін бе, ерік өзімде, ол менің тілегім болсын, мені қинамаңдар!» — дейді.
Сонымен халық әйелдің сөзінен жеңіліп, жол-жорасын алып тоқтауға келген. Гүлшара атасы дәретке отырғанда, зәрі тамған жерді көріп: «Осы атамнан әлі ұрық бар», — деп сынап, үйсін Ақсүмбі деген байдың қызын айттырып, көп мал беріп, атасына алып берген. Әйелге «Қызеней» деп ат қойған, ал көпшілік Гүлшараға «Жезетек» деп ат қойған. Содан Найман атамыздан бір ұл туады, оны Гүлшара өзі бағып, тәрбиелеп, анасына емізіп өсіреді. Содан ұл он жетіге толғанда Гүлшара үлкен той жасап, өз некесін қиғызып, тиіпті. Содан Гүлшара жүкті болып бір ұл тапқан, сөйтіп, Сүгірше туады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі