Қаратауда бір жігіт аң аулап, киік атып жүріп, тауды аралап келе жатса, бір алқапта қойдай бастарын айқастырып ақбөкеннің ұрғашылары қосақталып тізіліп тұр. Екі қошқары сүзісіп мүйіздері айқасып қалып, айрылыса алмай олар тұр. Ендігі екі қошқар олар да сүзісіп жүр.
Аңшы жігіт бұлардың қызығын көрейін деп, ешқайсысын атпай, кешке дейін жата берді. Күн батыр, ымырт болған соң үйіне қайтып, азанда ертерек келсе, қосақ тарамаған. Екі қошқар әлі сүзісіп жүр. Мүйіздері айқасқан екеуі әлі тұр. Аңшы жігіт «мұның қызығын аяғына дейін көрейін, не істер екен» деп жата береді.
Сәске кезінде сүзіскен екі құлжаның бірі жеңіліп, өз бетімен лағып, қашып кетіп қалады. Ана жеңген қошқар ұзын бір қосақ болып тұрған бөкендерді шетінен бастап, жағалата барлығын бір-бір қашырып шығады. Сонан соң аздап киікоты шөптен жеп, бір жерге жатып демалады. Сонан соң тұрып бөкендерді тағы бір-бір рет қашырып шығады.
Күн кешкірді. Қосақ әлі тарамады. Жігіт тағы үйіне қайтып, азанда таңертең келеді. Қосақ әлі қалпында, тарамаған. Әлі құлжа киікотынан тамақтанады, аздап демалып, қашыра береді. Енді түс ауа қосақ тарай бастады. Жігіт анау мүйіздері айқасқан екеуін алып, үйіне қайтты.
Мұндағы әңгіме: киік отының беретін күшін, ақбөкеннің күшін білді. Сол бөкендер иенге барып, бәрі бір күнде туады екен.
Бұл әңгімені Қаратау аңшыларынан естідім.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі