Әжем ішімдікті ішетін адамды барынша жек көреді. Кейде: «осы құрғырды несіне шығарады екен», — деп те қояды.
Арақ «ағайынды» алдымызға ала бастасақ болғаны, қария бізге алдымен ала көзімен бір-екі қарап алады да, айтары болса ақтарып айтып, содан кейін бөлмеден шығып кететін-ді.
Мен де ішімдікке бәлендей әуес емеспін. Дегенмен, үйге қонақ шақырылса немесе жолдас-жора келе қалса, құрауыз жібермеймін дегендей оларды да ойлап, өзім де там-тұмдап әжемнің көзінше әлі асыра ішіп көрген жоқпын.
Бейкүнә қария ғой әжем: «айтты бітті, ішкеннің бәрі бірдей мас болады» деп ойлайтын сияқты. Рюмкалар келе бастағаннан-ақ:
— Шырақтарым, осы мас болу неге керек? — деп бәрімізге бірдей ескерту жасайды. Арақ араласқан жерде әсте отырмай, тысқа шығып кететін. Содан кейін қонақтар кеткенше қайтып қонақ үйге оралмайтын.
Бүгін мүлде басқаша. Міне, столға рюмкалар да, ішімдік те келді. Әжем тапжылар емес. Қарияның бізге аударылған ала көзі бәрімізге де «қойсаңдаршы» деп үкім етіп тұрғандай. Бір сәтте «көзімнің тірі кезінде ішкеніңді көрейін, қалқам, ішсең, іше ғой» дегендей маған біртүрлі жылы қарайтын тәрізді.
Қонақтың бірі өзімен-өзі боп отырды. Үлкен адамға әдеппен сөз қатып, жай-күйін сұрап, жөн білісу қандай жақсы. Ол тұрып:
— Құйылып қапты, келіңдер, достар, бірді тартып жіберейік! — дегені. Сөйтіп, бірден қағып салды да, алдына қойған ақ балықты мұрнына тақады.
Әжем жарықтық әлгі жігіт мас болып қалды деп ойлады білем:
— Балам, аузың төмен қалды, төмен, — деді жайлап қана.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі