Өлең, жыр, ақындар

Мамажар мен Қайсақ

Орал облысының, Орда ауданының Талап ауыл советінде «Жетекші» колхоз территориясында Байғұл Жаппас Мамажар мен Қайсақ деген ағайындылар өмір сүріпті. Ағайындылар сөзге шешен, іскс шебер басшы да бола білгсн адамдар көрінеді. Елді советтендіру мен колхоздастыру ісінс белсене араласып, тап жауымен де шайқаса білсе керек.

Олардың іс-әрекетімен қоса, сөз саптауының өзі тәлім-тәрбие еді, — деп әңгімелейді ел қариялары. Ағайындылардың ел есіне қалдырған әңгімелері төмендегіше.

Енші алыспаған Мамажар мен Қайсақтың үйіне келіп ат басын тіреген жолаушы: «Айт, айтты» қайталай беріпті. Иттің үргені де күшейе түседі. Ит даусының бір толас кезінде:

— Кім бар, шығып кет, — деп дауыстайды жолаушы.

Айтқанындай бір адам үйден шығады да қайта кіреді. Осьлайша Мамажар үйден шығып кетіп қайта келіп, шығып кетіп қайта келіп, жүрісінен бір танбапты. Бұл іске таңданған жолаушы ақырында:

— Жолаушымын, жол сұраймын, — деп дауыстапты.

Үйіне енді кіріп бара жатқан Мамажар: — Қай жолды сұрайсыз? Бір жол бар суға баратын, мал суаратын, екінші жол бар түрлі шаруамызға барамыз. Ал үшінші жол бар, анау — айдау жол, — деп жауап беріпті. Жолаушы: — Бұлардан дұрыс жауап алып болмас неме екен өзі, — деп жүре беріпті.

Жолаушы кеткен соң екеуінің әйелдері: — Дұрыс жөн сілтесеңдер қайтеді? «Аттың жемін жеп, тайдың ойынын ойнайсындар», — деп кейістік білдіріпті. Сонда ағайындылар:

— Біздер өте дұрыс жауап бердік. «Айт, айт» деп итке айтақтағандай айтақтады, ол сөзге итше үріп жауап бердік. Ал «шығып кет» деді. Шығып кетіп, қайта келіп, оны да орындадық. «Жол сұраймын» деді, бар жолды көрсеттік емес пе? Ат үстіндегі адамға «олай сөйлеме, былай сөйле» деп сабақ үйретеміз бе? — деген екен.

* * *

Бір күні Мамажар мен Қайсақ жанұяларының талшық алғаннан басқа қонақ күтер жайы болмай қалады екен. Сол уақытта жомарт жанұя: «Біреу-міреу келіп қалмаса игі еді» деп қиналыпты.

Айтқанындай қонаға бір жолаушы келе қалыпты. Жолаушыны қош алып, үйге кіргізеді де, бірі «менің бөлмеме», екіншісі «менің жағыма кір» деп таласады. Таластың түбі қызыл төбелеске айналады. Ақырында Қайсақ ағасына:

— Сен бойлай үлкендігіңді саласың, бүгінде сол әнің. Әкел балтаны? Талассыз қонақты екі жарып бөліп аламын, — деп әйелінен балта сұрапты. Ағайынды екеуі жолаушының екі қольна жармаса кетеді. Жолаушы болса алыса, жұлыса жүріп, әрең дегенде сытыла шығып, қаша жөнеледі.

Жолаушы кеткен соң Қайсақ: — Қарабайша жолаушыны ас-сусыз түнелткенше, өзімді ұяттан өлтіргенім, күн кешкірмей тұрғанда қонақ ас-суы бар үйге барсын дегенім ғой, — деген екен.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз