Бұ Жиренше жарықтық өз ғұмырында ешбір адамнан алданып, болмаса сөзден жеңіліп қалған адам емес еді дейді. Сонда да жарықтық бір пақыр адамнан алданыпты. Бір күні хан Жиреншені шақырып айтыпты дейді:
— А, Жиренше, жердің ортасы қай жер, бар соны іздеп тауып көріп кел! — депті. Сонан Жиреншекең:
— Бас тақсыр, бек хош, — деп атына мініп алып, жердің ортасы сен қайдасың деп жолға шығыпты дейді. Жолдан келатса, бір жаяу келатқан бақыр адамға тап болады, тап болса, әлгі бақыр адам Жиреншеге сәлем беріп, аман-сау айтысқасын, Жиреншеге «жол болсын!» депті.
— Жол болса, әлей болсын, біз бір жолаушы адамбыз, жердің ортасын іздеп баратырмын, жердің ортасы қайда екен, білесіз бе? — депті. Әлгі бақыр айтыпты:
— Білемін, жердің ортасы жақын, көрініп тұр, — депті.
Жиренше айтыпты:
— Қане, жақын болса көргізші, — депті. Әлгі бақыр аяғының ұшыменен басып қарап:
— Ойбай, мұнан көрінбейді екен, жүр мына обаның басына мінелік, обаның басынан көрінер, — депті. Сонан екеуі обаның басына шығып, әрі-бері қарағасын бақыр айтыпты:
— Бір жерден кішкене көрініңкіремейді екен. Аттан түсе ғой, ат үстіне мініп көргізейін, — депті. Жиреншекең аттан түсіп, атын әлгі бақырға беріпті дейді. Сонан бақыр атқа мініп алып, қамшыны аттың бауырына бір тартып, «Жиренше, хош аман бол!» деп кетіпті де қалыпты. Жиреншекең со жерде жаяу отырыпты да қалыпты дейді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі