Аристов — Кіші жүзді Орта жүзден бөлінген Алшын тобы дейді. Иофшин сөзінде Кіші жүздегі рулар: ең басты елі — алшын. Оған жеті ру деген елдерді атақты Тәуке хан қосқан.
Бұл күнде кіші жүз үш ру: Байұлы, Әлімұлы, Жеті ру деген. Әлімұлы алты ру: Қарасақал, Қаракепсеқ Қызай, Төртқара, Шөмекей, Шекті.
Байұлы он екі ру: Адай: Жаппас, Алтыбас (алаша), Байбақты, Масқар, Беріш, Таздар, Есентемір, Шеркес, Тана, Қызылқұрт, Ысың.
Жеті рулар: Табын, Тама, Қабаршары, Керейіт, Жағалбайлы, Тілеу, Рамадан.
Бұлардың ішінде Орта жүз арғыннан аталар бар екенін білерсіз. Кіші жүз ішінде біздің, тоқал арғын деп аталатын Саржетім. Шақшақтың нәсілі бар екені анық. Бірақ, жоғарғы аталардың ішінде анық аты ұқсағаны жоқ. Олай да болса, Шекті дегені Шақпақ бола ма, деп ойлаймын, яки арғын болған coң қоспаған ба? Және бүл Кіші жүздің әр руынан бөлініп, 1801 жылы Бөкей ханға еріп, Орал суынан әрі өтіп көшкен, Бөкей елі атанғандар Әлімұлынан: Қызай деген, Байұлынан — Беріс, Шеркес, Адай, Жаппас, Масқар, Ысың, Есентемір, Байбақты, Алтыбас (алаша), Тана, Қызыл күрт, Таздар.
Жеті рудан: Тама, Табын, Керейіт және Tөpe, яғни, хан нәсілінен шыққан он алты ру ел, оның ішінде қожалар, ноғай, төлеңгіт деген, бұл қожа мен төлеңгіт ханға жиналғандар. Ноғай бұрын торғауытқа қapaп, торғауыт кеткенде де өз орнында қалған ноғайлар.
Кіші жүз қазағының ертегі сықылды сөзі: Алашхан деген хан тұсында алапес бала туса, далаға апарып тастапты. Бір күні өзінің де қатыны алапес бала тапқан coң, оны да шешесінің қасына қырық қыз қосып, апарып тастап, қырғыздар содан тарапты, Алшын сол нәсілден дейді. Бұрынғы кезде алақшын деген ел болған. Қытайша — пума дейді. Енесей жүрген қырғызбен нәсілдес, Алшын содан шыққан болар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі