Найман деген сөз туралы да әртүрлі сөз бар. Профессор Березин найман деген мағұл тілінде сегіз деген сөз, сегіз ру ел болгандыктан аталған дейді.
Аристов найман деген Қатуни өзенінің бір айрығы еді, сол өзен атымен қойылған дейді.
Ескі заманда найман коп ел болған. Шыңғыс хан тұсында Таң, Бойрық деген ағайынды екі хан билеп, екі бөлініп тұрды. Шыңғыс екі ханды да өлтіріп, елін шапқанда, найманның бір бөлігі күнбатысқа қашып барып, осы күнгі мағұл ішінде орын тепкен. Мағұл болып қалған наймандар соның нәсілі. Бұл найман дар дың да көбі жер жүзіндегі түрік нәсілдерінде бар.
Орта жүздегі найман біздің қазақтың екі сөзінше Софы мырза дегеннің нәсілі. Оны Бабы мырза деген інісі өлтіргенде, Софы мырзаның тоқалынан туған жалғыз баласы Өкіреш қазақ ішіне көшіпті. Осы соз Әбілғазы ханның сөзіне тура келеді. Себебі: Әбілғазының әкесі Ғариб Мухаммед ханды өлтіріп, орнына хан қоямын деп, Софы мырза Самарқаннан Хысрау деген хан нәсілді біреуді алып келгенде, Ғариб Мұхаммед біліп қалып, Хысрауды өлтіріп, Софы мырза өзіне нөкер болып тұрған Софының інісі Баба мырзаға бергенде, мен ханға дұшпан кісіні аға қылайын деп оз ағасын өлтірді деп жазады.
Орта жүздегі найманның, бергі аталары туралы жазған Спасский, Аристов, Масвский деген орыс жазушыларының сөздерінде шатақ қателер байқалады.
Біздің білуімізше, орта жүздегі найман атасы — Өкіреш, оның үш баласы: Домбауыл, Сүкірші, Сарыжомарт, Домбауыл тұқымы жылқысына теріс жағынан таңба басып, теріс таңбалы атанды. Сүкіршінің баласы — Қытай. Оның баласы — Толұғұтай, оның төрт баласы: Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл. Қаракерейдің екі баласы — Байторы, Ерторы. Байторының баласы Байыс және асырап алған Акнайман. Ерторының баласы Байсиың және асырап алған баласы Қарамолда. Байыстың бәйбішесінен торт баласы — Мәмбетқұл, Сыбанқұл, Ахметқұл, Сары. Мәмбетқұл жас кезінде өкпешіл болып, қыржиып отыра бергеннен Қыржи атанды. Сыбанқұл Сыбан атанды, Ахметқұл Ақымбет атанды. Байыстың тоқалынан екі баласы Туман мен Тоқбақ, тоқал асырап алған екі баласы Болатшы мен Байғана. Байыстың Мақта Абай деген бір қызы Тоқтар деген capтқа тиіп, Ержігіт, Байжігіт деген екі бала туып, Ержігіт сартқа еріп Түркістанға кетеді, ал Байжігіт мұнда қалған. Жоғарыда айтылған Сарының нәсілі сол шешелерінің атымен Мұрын атанды.
Қарамолда нәсілі Семіз найман атанды. Матайдың үш баласы
— Аталық Кенже, Қантағай. Аталықтың қатыны Қызай дегеннің атымен тұқымы қызай атанды. Жоғарғы Сарыжомарттың бәйбішесінен Қаратай және тоқалдың төрт баласы — Байдалы, Жансары, Баржақсы, Шәйкөз. Бұл төртеуі нағашылары уақ ішіне кетіп, күні бүгін «ергенекті уақ» атанып кетті. Оның себебі: Сарыжомарттың нәсілі ергенек таңба салып, ергенекті найман аталып еді. Бірақ оларды халықтың көбі уақ атап кетті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі