Ең ескі заманда Алтайдағы түріктер күнбатыс жаққа бара берген. Сол түріктің Се, яки Caқa деген халқы Ғайса пайғамбардан 200 жылдай бұрын Алатаудың күнбатысында жүрді. Оларды тибет нәсілінен юбешки дегендер орнынан қуып, одан бетер күнбатысқа жіберген. Соның бір тобы қаңлы атанған еді. Ғайса пайғамардан 130 жыл бұрын барған қытайдың Жан-Ұсан деген елшісі керген. Қытай жазушыларының сөзінше: сол кезде қаңлылар жүз жиырма мың үйлі халық еді. Қаңлыларға ол кезде бес кішірек хан қарайды. Сол қарағандар Ташкент, Самарқан, Кирмән, Бұқара, Хиуа еді.
Еврей жазушылары оларды Ескаф яки Сақа деп жазды. Осы айтылған түрік халқының бірталайы фарсы ішінде қалып, соның Ақжар деген нәсілінен Нәдір шаһ деген фарсыны қаратып алды. Осы күнгі фарсының патшасы сол түріктің Қажар деген тайпасынан Мұзафориддин шаһтың баласы Махмед-Ғали шаһ.
Сонан соң, 1219 жылы Шыңғыс ханның әскері Орта Азиядағы елді шауып, быт-шыт қылғанда, әр ел толқынып ауғанда, жоғарыда айтылған қаңлының Қап хан дегенінің халқы елу мың үйдей. Қаңлы ауып, Рұм жеріне барды. Біраздан соң соғыс басылған кезде Қаптың баласы Сүлеймен елін алып келе жатқанда Фират дариясына суға кетіп өлген соң, Сүлейменнің баласы Тұғрұл төрт үйдей елімен Арыз Рұм жағында қалыпты. Өзі батыр болып маңындағы елдерді алып жүрген. Күния патшасы Ғалаеддин деген Шыңғысхан баласы Шағатайдың әскерімен соғысып жатқанын көріп, Ғалаеддинге болысып, көп қайрат көрсеткен соң, Ғалаеддин риза болып, Аскуд, Қаршатау, Тұманши деген жерлерді беріп Тұғрұлды әскербасы қылыпты. 1272 жылы 90 жаста Түрғүл өліп, орнына баласы Ғүсман әскербасы болды.
Бұл әкесінен де мықты болып, әр жерді алып, Қараша Хасар деген жерді алғанда, Ғалаеддин Ғүсманды өз алдына бөлек бек қояды. Онысы 1282 жылы еді. Мұнан он бір жыл соң Терезедегі Шыңғыс нәсілінен хан болып тұрған Ғазан хан Рұм жұртын шауып, әрбір кішкене хандықтарға бөліп жібергенде Ғүсман да өз еркі өзінде, бір хан болып қалды. 1300 жылы сол себептен ол түріктер Ғүсман жұрты атанып, Ғүсман сұлтанды бірінші Сұлтан деп санайды.
1. Ғұсман Тұғрұлұлы. 2. Орхан Ғұрманұлы. 3. Мұрадхандау да-унқар Орханұлы. 4. Иілдірім Баязид Мұрадхандау — Даунқарұлы (Махмед Баязид). 6. Мұрадұлы. Махмед Фатих Марадұлы, Баязид Мадму Яуз Слам Баязидұлы, Канун Сүлеймен Яуз Сламұлы, Салам Сүлейменұлы. Марад Саламұлы, Махмед Марадұлы. Ахмед Махмедұлы, Мұстафа Махмедұлы. Ғұсман Ахмедұлы. Марад Ахмедұлы, Ибраһим Ахмедұлы, Махмед Ибраһимұлы, Сүлеймен Ибраһимұлы, Ахмед Ибраһимұлы, Мұстафа Махмедұлы, Ахмед Махмедұлы, Махмед Мұстафаұлы, Хүсман Мұстафаұлы, Мұстафа Ахметұлы, Ғабдулхамид Ахмедұлы, Салам Мұстафаұлы, Мұстафа Ғабдулхамидұлы, Махмұд Ғабдулхамидұлы, Ғабдулхамидұлы осы күнгі Сұлтан.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі