Өлең, жыр, ақындар

Талапкерлерге кеңес

Талапкерлер үшін маңызы өте жоғары болған ұлттық біріңғай тестілеуді жетістікпен тапсыра алу үшін қажет болған ерекшеліктердің бірі өздеріне берілген уақытты дұрыс пайдалана алу болып табылады.

Мамандардың айтуы бойынша тест жүйесіне үйренудің жолы көп-көп кітап оқу арқылы жүзеге асады. Өйткені кітап оқу сұрақты тез оқуға әдеттендіруімен қатар, сұрақты дұрыс және оңай түрде түсіне алудың алғашқы қадамы болып табылады. Тест емтихандарында ең үлкен кедергі болатын нәрсе оқушының тақырып жайлы білмегендіктен емес, тест сұрақтарын көп шешіп әдеттенбегендіктен туындайды. Талапкердің ҰБТ-дан алдын көп-көп тест сұрақтарын шешіп, тест жүйесіне дағдылануы да емтихан кезінде көмектеседі.

Талапкердің емтихан кезінде уақытты дұрыс пайдалана алуы үшін пайдалы кеңестер:

— Емтиханды ең жақсы білетін пәннен бастаңдар. Бұл сендердің көңіл-күйлеріңді және мотивацияларыңды арттырады.

— Жақсы білсеңіз тарих, қазақ тілі секілді жеңіл пәндерден бастау да уақытты үнемдеуде пайдалы. Өйткені бұларда есептеу болмағандықтан көп уақыт талап етпейді.

— Жауаптардан бұрын сұрақты оқыңдар. Бұл сендердің төмендегі нұсқалардың қайсысын сұрап жатқандығы жайлы ойлануларыңды қамтамасыз етеді.

— Сұрақты тез оқып бір нұсқаны белгілеу уақытты дұрыс пайдалану деген сөз емес. Сұрақты бір рет және жақсылап түсіне алатындай етіп оқу уақытты дұрыс пайдалану болып табылады. Сұрақты дұрыс түсіну жартысын шешумен тең.

— Әуелі оңай есептерді бітіріп қиын есептерді кейінгі кезекте есептеу де абзалырақ.

— Бірінші берген жауаптарыңның дұрыс екеніне сенімді болмағанға дейін басқа сұраққа өтпеңдер.

— Сұрақтарда екпінмен айтылған сөздердің астын сызып қойыңдар. Мұндай сөздер жауапты табуда сендерге көмектеседі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз