Марқұм хан Жәңгір бала күнінде Орынборға оқып жатқанда Есенберді Байғана деген Жәңгірге жолығып: «Басқа беретін датым жоқ, шырағым, мынау боз айғырды сатып, қаржы етерсің», — деп, бір жақсы айғырын беріп кеткен екен. Сосын Жәңгір хан болған соң: «Байғана старшин болсын!» — деп жарлық беріпті, сонан Исатайдың да әуесі болған-ды, Исатайға ермей хандық болыпты. Исатай Байғананы көп жәбірлепті. Жеті құдыққа салып, үстіне кереге жауып, үстінен қой шұбыртыпты. Сонда да ермепті. Ақырында Исатай ар жақта өлген соң хан елге ағламнаме таратыпты: «Исатайға ергендерге жаза беремін, маған ергендерге тілегін беремін, келсін!» — депті. Сонда баяғы Байғана һам Жайық беріш Төлеген деген би екеуі ханға барыпты. Қонақ етіп болған соң, қызметтерін сұрапты. Сонда билер: «Хан жақты кісілер келсін, тілегін берем деген сөзіңіз болған соң, тілек ала келдік», — депті.
Хан:
— Сұра! — дегенде, Байғана айтыпты:
— Сіздің үшін Исатайдан көрген қорлығым естен кететін емес, Исатайдың алған анау іште жеті аралы бар, соны алып бер? — депті. Хан:
— Жақсы, ал! — депті. Төлеген би айтыпты:
— Менің тілегім бар, бірақ біреу емес, үшеу, — депті. Оған да хан:
— Сұра! — дегенде, Төлеген айтыпты:
— Әуелі өзіме һам өзіме ерген кісіге жеткендей кең қоныс бер? — депті. Екінші, Исатайдың әуесі тақырыпты бөлініп қалған елміз ғой, сол алған жеріме келген халықтан үш жылға шейін расхот шығын алма, үшінші, бір тентегім бар, соның күнәсін ғапу ет? — депті. Хан:
— Жақсы, тілегіңді бердім, — депті. Олар тілегін алып қайтқан соң, хан қасындағы он екі билері, отыз екі сұлтандарын сынаған Байғана би емес екен, торсық аяқ Тоқтаның жуан тұғыры екен. Ол өз басына өзі бәлені тілеп алды, өзінің ұрпағы мен Исатайдың ұрпағы арасындағы жер дағуалары өздерінен төменгі ұлдың ұлына, қыздың қызына кетер депті.
Төлеген би екен, әуелі өзіне һам өзіне ерген кісіге кең қоныс алды. Екінші, ол қонысқа көшіп келген елден расхот шығын алдырмай, өзіне дос-жаранын көбейтті. Үшінші, тілегіне келгенде о да жаңылды. Оның тентегі үй тентек болар, жақсы, қайратты тентек болса, ол Исатайға еріп, Исатаймен бірге өлер еді. Болмаса, Исатай өлген соң салып ханға келер еді, «өзіңе келдім, кессең, басым мынау, ғапу етсең, өзің білесің? — деп жолар еді, оның бірі де жоқ. Ол бір үй тентегі ғой, үй тентегінің тентектігі үзілмей жеті атаға кетеді» — депті. Ол тентек Жайық басы Қара деген кісі екен. Оның балалары Сұлтан, Жіті, Дүйсенбілер енді Исатайдың «Жеті аралы» хақында Байғана балалары менен Исатай балалары сол күннен осы күнге шейін айтыс-тартыста. Байғана баласы Құрманбай, оның баласы Қайырлы, Исатай баласы Дінбаян онан Отығали. Ханның балалары менен сұлтандардың сынауы дұрыс болып шығыпты дейді.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі