Хиуалықтардың адайдың атақты батыры Сүйінқара Үргешбайұлының ауылын шапқандығы белгілі. Түрікпендер батырдың өзін Каспий теңізіндегі мұз үстіне қуып тастайды. Содан соң Сүйінқара Жылыойдың атақты батыры Нарынбайдан көмек сұрайды. Нарекең: «Елдің би, батырларымен ақылдасып, бір жыл дайындық жүргіземіз, келесі жылы осы уақытта көмекке барамыз!» — деп жауап береді. Айтылғандайын, келесі жылы Нарынбай бастаған Кіші жүз қолы Хиуаға аттанып, жеңіске жетеді. Қазақтар хиуалықтарға бірнеше шарттар қойып, оларды орындаттырады. Ол бойынша Маңғыстау өңірінен түрікпендер шауып әкеткен барлық мал-мүлік, тұтқынға кеткен адамдардың басым көпшілігі қайтарылады. Хиуа қалаларына қазақтардың еркін келіп, қоныстануына және кедергісіз сауда-саттық жасауына жағдай туғызады.
Нарынбай батыр қазақтардағы әскери істі жетік біліпті. Жиналған қолбасы, сардар және ту ұстаушыны сыйлайды. Жеке топтарды атағы шыққан, ұрыс-шайқастарға әбден шыңдалған баһадүр батырлар басқарады. Әскер «оң қанат» және «сол қанат» болып екіге топтастырылады. Майдан басталмас бұрын ту көтеріліп, дабыл қағылады. Ал шайқас басталғанда, ту ұстаушы батыр Нарынбай дабылшысымен және нағыз ержүрек бір топ батырлармен бірге биік төбеге көтеріледі. Осы жерден ол бүкіл әскер қимылын, дұшпан қолының әрекетін жіті қадағалап тұрады. Осалсып бара жатқан өз тобына қосымша күш жібереді, жаңа соққылардың бағытын белгілейді, қашқандарды рухтандырып, қайтадан шабуылға қосады.
Бір ұрыста Шарға таздың Боқбасар деген өжет жігіті ұрыстың қызуымен алдындағы жаудың әскерін біртіндеп түсіріп келе жатқанда, арқа тұсынан келген дұшпанды байқамай қалыпты. Бар ниеті алдындағы әскерде болған Боқбасардың ту сыртынан — белінен төмен күшті найза соққысы тиеді. Жан-дәрмен ердің басын құшқан жас жігіт ішінен иманын үйіріп, дұшпанының енді өзін жаһаннамға аттандырар келесі соққысын күтіпті. Алайда, күткен соққы болмапты. Оның орнына ту сыртынан Нарынбай батырдың: «Жарайсың, Боқбасар батырым!» деген даусын естіпті. Сөйтсе, ұрысты бақылап отырған Нарынбай бұларды тез байқап қалып, дереу көмекке жеткен екен.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі