Өлең, жыр, ақындар

Туған күнге арналған қысқа, есте тез сақталатын тілектер

Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап, сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.

Көңіліңіз қартаймасын, құт-берекеңіз ешқашан ортаймасын.

Өміріңізде жеңісті күндеріңіз көп болсын.

Отбасыңызға келген қуаныш тек өзінің жақсылығы мен ырзығын арқалап алып келсін.

Күндеріңіз көркем, жылдарыңыз жемісті болсын.

Ата-анаңның аяулысы бол, Алланың сүйкімдісі бол.

Еңсеміз тік, қадамымыз нық болсын.

Жаныңыз қашанда сәбидің жанындай таза болсын.

Жарық та, жарқын аяулы күндеріңіз нұрға толсын.

Өмірде "әттеген-ай" деген аз болып, "шіркін-ай", "пай-пай" дегеніміз басым болсын.

Өмірің нұрлы болсын, көңілің жырға толсын.

Бірімізге-біріміз шаттық сыйлап, әрбір күнді қуанышқа толтырайық.

Әрқашанда жақсылық жандарыңыздың серігі болсын, қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндірсін.

Қыдыр қонып, бақ дарысын.

"Кең болсаң, ештеңеден кем болмайсың" демекші, қашанда жүрегің ашық, пейілің кең болсын.

Келген мүшел жасыңнан аман-есен, сүрінбей өтуіңе тілектеспіз.

Алланың алақанындағы ғұмырыңыз ұзарсын.

Ай мен күнге теңейтін балаңыз аман болсын, бағы жансын.

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Туған күнге құттықтау тілек жинағы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айбибі

Атаға тілек жоқ

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз