Өлең, жыр, ақындар

Пиаженің когнитивтік даму теориясы

Бұл мақалада біз интеллектуалдық тұрғыда даму, оның ішінде Жан Пиаженің когнитивтік даму теориясы туралы, бала басынан өткеретін даму кезеңдері мен олардың ерекшеліктері туралы әңгімелесеміз. Осы кезеңдерді, олардың ерекшеліктерін және олардың бала жасына қатыстылығын білу сізге балаңыздың интеллектін дамытып отыруға көмектеседі.  

Пиаже теориясы бойынша когнитивтік дамудың кезеңдері

Жан Пиаже адам бірнеше негізгі кезеңдерді басынан өткеретін когнитивтік даму теориясын тұжырды. 

Сенсомоторлық интеллект кезеңі (туған кезден бастап екі жасқа дейін). Бұл жаста баланың айналасымен қозғалыс және перцептивтік тұрғыдағы әрекеттестігі дамиды. Бұл кезеңде оның қабылеті заттармен тікелей қарым-қатынасқа түсуге ғана жетеді және символдармен немесе ішкі ойымен әрекеттесе алмайды.   

Бұл кезең алты сатыға бөлінеді:  

1. Туған сәттен бастап бір айға дейін. Бала туа біткен рефлекстерімен толықтай дерлік шектеліп тұрады.  

2. Бір айдан төрт айға дейін. Рефлекстері өзгеріп, оларды көрген-білгені негізінде үйлестіріп отырады. Бала алғашқы дағдыларына машықтана бастайды.   

3. Төрт айдан сегіз айға дейін. Бұрын кездейсоқ істеліп келген, бірақ енді балаға қажет әрі қызық болатын қимыл-қозғалыстар қайталау арқылы ширай түседі. Іс-әрекеті сыртқы нысандарға көбірек бағытталады.

4. Сегіз айдан бір жасқа дейін. Әдейілеп істелетін әрекеттерінің пайда болуы, оларды координациялау және біріктіру.  Мысалы, бала мақсатты әрекет ету үшін кедергіні жоюға қабылетті. 

5. Бір жастан бір жарым жасқа дейін. Бала әрекеттерін әр түрлендіріп, олардың бір бірінен айырмашылығын бағамдайды. Былайша айтқанда, ол сынақтар жасап, жаңа әрекеттер мен құралдарды іздей бастайды.  

6. Бір жарым жастан екі жасқа дейін. Бала сынақ-тәжірибелер арқылы ғана емес, сондай-ақ ойлану операциялары арқылы да жаңа әрекеттер мен құралдарды табады. Яғни, оның әрекет етуінен әрекетті ойша елестеткені көбірек.  

Операционалдыға дейінгі елестету кезеңі (екі жастан жеті жасқа дейін). Бұл сенсомоторлық функиялардан елестету жұмысына өту. Бала белгіленетін заттан белгілеуді айыруды біледі және бұны пайдалана алады.   

Бұл жаста балалардың эгоцентризмі дамып кетеді. Олар өз пікіріне сырттан көз сала алмайды, пайымдарын дәйектеуге, кереғарлықты іздеп, оларды жоюға тырыспайды. Бұл жастағы балалардың рефлексияға бейімділігі жоқ және өз ойлары жайында ойланып жатпайды.   

Сонымен қатар, осы жастағы балалар мінезіне центрация, яғни заттың ең көрнекті бір белгісіне сәп салып, басқа белгілерін елемей қою тән.   

Нақты операциялар кезеңі (жеті жастан он бір жасқа дейін). Бала кейбір елестету әрекеттерін атқара алады, бірақ тек осы жаста оларды біріктіре, өзара үйлестіре, жүйелерді кұра бастайды. Бұл жай ғана ассоциативтік тұрғыда байланыстырудан гөрі көбірек мүмкіндіктер ашатын жаңа деңгей.  

Бұл жастағы бала заттарды бірнеше белгісі бойынша топтастыруды және жіктемелеуді үйренеді.  

Формалды операциялар кезеңі (он бір жастан он бес жасқа дейін). Бұл жастың негізгі ерекшелігі баланың гипотетикалық тұрғыда ойлап үйренетіндігінде, ол шынайы болмысты болуы мүмкін нәрсенің ішіндегі дербес жағдай деп қабылдайды.  

Бала гипотетикалық-дедуктивтік тұрғыда ойлай бастайды. Басқаша айтқанда, ол бірқатар гипотезаларды тұжырымдап, алынған кері байланыс негізінде қалыптасып отырған шынайы жағдай туралы ой түйеді.  

Жасы кішірек балаларға қарағанда формалды операциялар кезеңінде жүрген баланың комбинацияларды жүйелі түрде тексеріп көріп отыруға қабылеті жетеді (кіші балалар бірнеше комбинациямен тоқтайды).  

Дарынды балалар формалды операциялар кезеңіне ертерек жетуі мүмкін.  

Ата-аналарға арналған кеңес

Біріншіден, баланың дамып-жетілуін қадағалап, оны бақылауда ұстау қажет.  

Екіншіден, жаңа машықтарын дамытып отыруға, келесі белеске өтуге баланы ынталандыру керек. Баланың жасына сай келетін әр алуан дамытушы ойындарды пайдалануға болады.

Үшіншіден, баланы қадағалау керек, бірақ шектеп тастауға болмайды. Ол жаратылысынан әлемді танып-білуге, жаңа нәрселерді үйренуге тырысады. Бақылаңыз, бірақ кедергі келтірмеңіз. Және де когнитивтік тұрғыда өсіп-жетілу он бес жаста тоқтап қалмайтынын есіңізде ұстаңыз.

Балаларыңыздың дамуына көмектесіңіз және өзіңіз дамыңыз. Іске сәт!

Оқуға кеңес береміз (төмендегі сілтемелерді басып оқуыңызға болады):

Оқытудың эксперименталды теориясы және Колбтың оқыту стильдері

Баланың табысқа жетуіне кедергі келтіретін ата-ана тәрбиесіндегі 7 қателік

Рухани мықты балаларды тәрбиелеуге арналған 8 ойын

Бала тәрбиесіне қатысты кейбір кеңестер

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

Бала тәрбиесіндегі негізгі факторлар

Баланы тәрбиелеудің 4 кезеңі

Отбасылық құндылықтарымыз

Баланы кітапқа баулу

Бала тәрбиесі бесіктен

Жанұядағы тәрбие

Тым балажандық

Ертегі айту


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Сұлухан

Керемет өте қажетті

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз