Өлең, жыр, ақындар

Ілияс Есенберлин

Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар, 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы - 1983, Алматы) — қазақ жазушысы.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады.

Ілмектер: қыз, ұят, жігіт, махаббат, қасиет, адал Ілияс Есенберлин

Махаббат деген қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді.

Ілмектер: махаббат, күш, қуаныш, қайғы, бақыт Ілияс Есенберлин

Тұрақты адамның махаббаты да тұрақты.

Ілмектер: махаббат, адам, тұрақтылық Ілияс Есенберлин

Махаббатсыз болашақ жоқ. Махаббат – адамның ұлы қуаты, ұлы сенімі.

Ілмектер: махаббат, ұлы, қуат, сенім Ілияс Есенберлин

Меніңше, бұл өмірде махаббаттан асқан қазына жоқ.

Ілмектер: махаббат, өмір, қазына Ілияс Есенберлин

Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.

Ілмектер: сөз, жүрек, мұз, әдеп, дөрекілік Ілияс Есенберлин

Махаббатсыз өмір өмір ме?

Ілмектер: махаббат Ілияс Есенберлин

Шын ғашық жамандыққа бармайды.

Ілмектер: ғашық, жамандық Ілияс Есенберлин

Қарап көріңіз