Өлең, жыр, ақындар

Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.



Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Ұл-қыз демей баланы оқыт, қазақ.

Ілмектер: қазақ, оқу, білім, афоризм, нақыл Міржақып Дулатұлы

Өзің білгенінді - халқыңа үйрет.

Ілмектер: халық, білім, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Халықтың жайын, салтын, рәсімін, тілін білмейтін сот – сот емес, сор.

Ілмектер: халық, сот, салт, рәсім, тіл Міржақып Дулатұлы

Қазақта жазылмайтын бір ауру бар –
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.

Ілмектер: қазақ, кемшілік, мін, ауру Міржақып Дулатұлы

Өзің білгеніңді халқыңа үйрет.

Ілмектер: білім, үйрету Міржақып Дулатұлы

Айту – бізден, істеу – сізден.

Ілмектер: іс Міржақып Дулатұлы

Әркім өз қолынан келгенше жомарт.

Ілмектер: жомарт, жомарттық Міржақып Дулатұлы

Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, ең алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің әлгі кемшілігін құрту керек. Оны құрту үшін әуелі бел кемшіліктің қандай екенін білу керек.

Ілмектер: қазақ тілі, тіл Міржақып Дулатұлы

Һәркімнің ізіне түсіп қуған, үйренген бір ісі болады. Со ісін ол басқалардан артығырақ біледі. Егер оқу, оқытуды машықтап, ол оқытудың һәм оқытқан нәрселерінің асыл тәртібін, түп негізін анық білетін кісілер жазу хақында өз пікірлерін түсінікті етіп жазса, сынаушы деп соларды айтуға жарайды.

Ілмектер: оқу, іс, сынаушы Міржақып Дулатұлы

Қазақ тілі – бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да ту басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардан да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі «Тіл – құралы» екенін ұмытпасқа керек.

Ілмектер: тіл, қазақ тілі Міржақып Дулатұлы

Жер жүзіндегі езілген жұрттардың бірі біздің қазақ-қырғыз екені рас болса, бұл жұртты теңгеру үшін көзін ашып, өнер-білім үйретіп, үгіт-насихат тарату қажет болса, қазақ-қырғыз тіліне тоқтаусыз жол ашып, бүгіннен бастап «тілмаш жоқ, мінекей, тақсыр, тілмаш жоқ дегізіп, қазақ-қырғызды енді сандалтпау керек».

Ілмектер: жұрт, тіл, қазақ, қырғыз Міржақып Дулатұлы

Әкеде де - әке, балада да — бала бар.

Ілмектер: әке, ата-ана, бала Міржақып Дулатұлы

Ақиқат жеңер жалғанды.

Ілмектер: ақиқат, жеңу Міржақып Дулатұлы

Білгенге - қиын емес кету байып.

Ілмектер: білім, бай, байлық Міржақып Дулатұлы

Дүниеде кедейлік жоқ - өнерпазға.

Ілмектер: кедей, кедейлік, өнерпаз, дүние Міржақып Дулатұлы

Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

Ілмектер: тәуелсіздік, алаш, қазақ Міржақып Дулатұлы

Айнымай тұтқан жолың болсын мынау -
Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.
Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр-ау.

Ілмектер: адамгершілік, борыш, адам Міржақып Дулатұлы

Адамның алдымен адам сипаты болуға тиіс.

Ілмектер: адам, сипат Міржақып Дулатұлы

Пайдасыз мылжың сөзді әркім айтар.

Ілмектер: мылжың, сөз, пайдасыз Міржақып Дулатұлы

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.

Ілмектер: қазақ, оян қазақ, Міржақып Дулатұлы, жалқаулық, қараңғылық Міржақып Дулатұлы

Қарап көріңіз