Өлең, жыр, ақындар

Эмиль Дюркгейм

Эмиль Дюркгейм (1858-1917) — француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы. Дюркгейм негізінен ұжымдық сана рөлі, оның әртүрлі түрлерін зерттеген. Ол өз тұжырымындасында әлеуметтік шындықтың ерекше және тәуелсіз принципіне сүйенеді. Осы қағидаға сүйене отырып, ол қоғамды индивидтерден моральдық және күштік (физический) тұрғыдан жоғары қойды. Келесі ынтымақтастық - ең жоғаргы моральдық принцип ретінде қарастырылды. Қоғамдағы екі механикалық және органикалық ынтымақтастықты тұтас даму бөліктері деп көрсетті. Механикалық ынтымақтастық архаикалық қоғамға, индивидтердің, олардың қоғамдық функцияларының бір-біріне ұқсастығына және жете дамымағанына негізделді. Органикалық ынтымақтастық Дюркгейм бойынша қазіргі кезеңдегі қоғамдарға тән, ол еңбекті белуге негізделеді.


Нақыл сөздері

Жаза, бері салғанда жартылай, кек алу фактісі күйінде қалып отыр.

Ілмектер: жаза, кек, факт Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Еркектер мен əйелдер бір-біріне ұқсамайтындықтан да бір-бірін ерекше құштарлықпен аңсап іздейді.

Ілмектер: ерке, әйел, құштарлық Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Қоғамдық пікір айыптауынан да қатал айыпталатын əрекеттер бар.

Ілмектер: қоғам, пікір Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Табиғатта денсаулық болса, дерттің де болғаны.

Ілмектер: табиғат, денсаулық, дерт Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Ғылымды түсіну үшін онымен іс жүзінде шұғылданып көрудің керек жəне былайша айтқанда, бəрін өз бойынан өткізуі қажет.

Ілмектер: ғылым Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Анархия — пайдасыз құбылыс, өйткені ол кез келген қоғамның тіршілік мүддесіне қарама-қайшы келеді.

Ілмектер: анархия, қоғам, тіршілік, мүде Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Шарт — айырбас символы.

Ілмектер: шарт, символ Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Тұлға атану деген — іс-қимылдың дара қайнар көзіне айналу деген сөз.

Ілмектер: тұлға, іс-қимыл, көз Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Суреткер болу міндетті емес, залым болу да — солай.

Ілмектер: залым, суреткер Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Қанды кек (вендетта) — қоғам заңды деп тапқан жаза. Бірақ оны қолдану машақаты — жеке адамдардың өз еркіне қалдырылған.

Ілмектер: Қанды кек, вендетта, қоғам, заң, жаза, машақат Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Билік бедел жасауға қатысады, оның көмегімен бедел сананы билеп шыға келеді — биліктің күші осылай туады.

Ілмектер: билік, сана, күш Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Көсем мен көсемшелердің өздері басқарып отырған тобырдан айырмашылығы шамалы.

Ілмектер: көсем, тобыр, айырмашылық Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Əр халықтың өз моральдік философия мектебі бар.

Ілмектер: халық, мораль, философия, мектеп Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Сезімнің бар тірлігі нанымнан тұрады.

Ілмектер: сезім, наным Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Топас болмау — əркімнің өзінің міндеті.

Ілмектер: топас, міндет Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Қарап көріңіз