Тар маңдай
Қимайсың ау аядай ғана бөлмені
Сыртқа сүйреп әкеңді жатқан төрдегі
Мың сан күнде сыр бермес асқар тауыңның
Бір ақ күнде сынды емес пе шөлмегі
Қимайсың ау аядай ғана бөлмені
Сыртқа сүйреп әкеңді жатқан төрдегі
Мың сан күнде сыр бермес асқар тауыңның
Бір ақ күнде сынды емес пе шөлмегі
Пах-пух,тарс-тұрс жаңғырады айнала
Қарамастан кедейіңе,байға да
Маңдай термен,айлап тапқан ақшаңды
Бір ақ сәтте жібердің жарып жәй ғана
Сенбеймін дейсің!Сенімге айтшы кім лайық?
Сен бар әлемде қайғың да,мұң ғайып
Көңілді келіп көктем еткен көгершін
Айтарың бар ма...тыңдайық...
Нелер алдым,бердім нені,бермедім?
Тақпадым ба тым артықтау елге мін?!
Көкке ұмтылып қоймадым ба байқамай
Ұмытылып кеткен жоқ па жердегім?
Намыс қайда жігіттер,намыс қайда?
Жүректегі ”елім” дейтін қағыс қайда?
Жерлеріне бөтен аң кіріп келсе
Арыстан да жан үшін алыспай ма?
Үйленем ғой,үйленем!Сұрай берме!
Неге осы шұқыған ұнайды елге?
Олар айта береді білмеген соң
Биігіңнен көңілім құлай көрме
Көңілсіздік...
Жауапсыз сезім,сұрақ
Арнасынан тасыған төзім-бұлақ
Кеше ғана бүп-бүтін жүрегімді
Қарағанда тарихыңды білмегенге,
Жүректерің ұқсайды кірлегенге.
Қалам тербеп қысқаша тоқталайын,
Жауап беріп оларды "кім" дегенге.
Адамды еңбек шыңдайды,
Уақыт мәңгі тұрмайды
Бақыттың кілті еңбекте,
Армандаумен болмайды
Қазағым, бағың жанды қуана бер,
Батырлар туды көкке көтеріп жүр.
Түспесін көк байрағың тек төменге
Қазағым, дами бергің, көкке өрле!
Болыпты аты мәшһүр үлкен шаһар
Қарттары ақыл айтып, болған қамал.
Ұл-қызы сыйлаған-ды ата-ананы
Білмеген қулық-сұмдық, қызғанышты.
Жалғыз жүрген аққуларды көрмедім
Бір-бірін қимайтындай тең дедім,
Нәзік соққан жүректерін емдейтін
Бір-бірінсіз, кірпік қақпай, көз ілмейтін
Табынарым, тәңірім өзің Алла
Қолдап, үміт бересің жолы аққа.
Пенделерің жаңылса хақ жолынан,
Өзің бағыт көрсетесің тура жолға.
Не көрмедің қилы заман қазағым
Дәмінде татып көрдің ғой қанды азаптың.
Азаппен келген, еңбекпен келген таз далаң
Шертіп жатыр өткен күннен хабарын.
Ағаларым,өнердің өрендері,
Шабыттың шамшырағы,дүлдүлдері.
"Өлең" деген киелі өнерімнің
Қолдайтын көп болсыншы тыңдарманы.
Жас кезде білместікпен шұғылданар,
Салауатты өмірдің шырқын алар.
Кім білсін болашақта не боларын?!
Зардабы енді оларды сілкіп алар.
Қайран қалам, Мағжандай ағамызға,
Ерте кірген ес сіздің санаңызға.
Өз заманның батыры болған сіздей,
Батырларды, жоғалтып барамыз ба?
Шаршадым деме , мына жалған өмірден ,
Жалғандықты көріп тұрсаң да көңілден
Құладым деме , құздың шының да тұрсаң да,
Сынақ қой , адамзатқа көтерсін деп берілген
Батыстың батыр қыздары,
Қазақ деп соққан жандары
Соғысқа аттанды ызғарлы,
Жылы жүрек мұздады
Бар әлем ұйқысынан оянады таң біліп,
Нұрың шашып айналаға күн күліп,
Балалар бар еш уайымсыз ойнап жүгіріп
Анасы бал бөбегін баураған тәтті қылық
Тыныштық мүлгіген әлемім
Ауылға жер бар ма жететін
Әлемнің кереметін көрсең де,
Өзінше көрінер келбетін
Бұл дүниенің қаталдығына қарамаймын
Әр күнімді ерекше бағалаймын
Әрбір сәтін, уақытын сый емес пе?
Не нәрсені мен ерекше саралаймын
Ауылда өстік ,ауылдан шықтық,
Төріңде ғой қазақилық, қонақжайлылық,
Құшағын жая қарсы алады кең жайылып
Таза ауа,тыныш әлем, жайлы өмір
Қилы күнді басымыздан өткердік
Тәуелсіздік таңына жеткен едік
Бейбіт күннің тұғыры түспесін
Ынтымақ,бақ, береке-бірлік!
Қазақ тілім мына менің тірегім,
Тілім десе соғып тұрар жүрегім.
Өз тілімді ұмыт қылсам егерде,
Айтыңдаршы несіне өмір сүремін.
Не көрмеде, не өтпеді қазағының басынан,
Сабирадай батыр қыздар қыршын кетті жасынан
Желтоқсанның сол бір ызғар, сол бір қиын күндерін...
Ұмытпаймын, ұмытпа сен сол ерлікті жас ұлан!
Көзіме көрінбе сен, көрінбе сен
Сенсіз жүріп жатырмын өзімде есен
Түнде тыныш ұйқымда, түсім керім
Кінəм жоқ, мені ойлап көз ілмесең
Сезбедіңіз сезімді біз сыйлаған,
Көрмедіңіз гүлімді жүз жинаған.
Білмедіңіз жүрегім екеумізді
Сіз екенін мың баурап, мың қинаған.
Мен мындамын,
Ал сендер мені тыңдағын.
Алыста кетті ау арманда кеткен қыр бағым
Келмеске кеткен əнімді қайта жырладым.
Əй, өмір-ай неткен қатал сынақсын.
Кейде қысқа, кейде мәнсіз ұзақсың.
Өз жолыңда ешкімді де аямай,
Қуанышын тартып алып жылаттың.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі