Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Әдебиет шіpy заңынан алынып тасталған. Ол ажал заңын мойындамайтын бірегей.

Ілмектер: Әдебиет, ажал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оноре де Бальзак

Әрқашанда әсемдікке ұмтылу керек.

Ілмектер: әсемдік, ұмтылу, ұмтылыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оноре де Бальзак

Тыңдай бiл, сонда сен нашар сөйлейтiндерден де пайда табасың.

Ілмектер: тыңдау, нашар, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Плутарх

Дарын мен пайда — үйлеспейтiн нәрселер.

Ілмектер: дарын, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Александр Пушкин

Егер бiреу бiр нәрсенi бiр кезде қалай iстеу керек екенiн еске салса, бiз, әрине онымен келiсемiз.

Ілмектер: келісу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Платон

Күндi де бұлт қамайды мылқау бұл деп,
Жерде де асылдарды құртар күндеп.
Көп жабы көлденеңдеп көсiлгенмен,
Қадiрiн серiктестiң тұлпар бiлмек.

Ілмектер: қадір, бұлт, мылқау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова

Сабыры жоқ мынау сойқан көңілге, Сарсаңдықтың азабы да аз бірақ...

Ілмектер: азап, сабыр, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гүлманат Әуелхан

Ақтала бiлудiң шеберi басқа нәрсеге шорқақ болады.

Ілмектер: шебер, ақталу, шорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бенджамин Франклин

Дүниедегi ең оңай нәрсе — кiсiге ақыл айту, ең қиыны өзiңдi-өзiң түсiну.

Ілмектер: оңай, ақыл, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Не жеңiл? — «Басқаларға кеңес беру».

Ілмектер: жеңіл, кеңес, кеңес беру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фалес

Адамдар құрмет тұтатын кiсi өзiне сенiм бiлдiргенде табысқа жетедi. Адамдардан сенiмдiлiк пен бiлiктiлiк күтсеңiз, олар оны көрсетедi.

Ілмектер: құрмет, табыс, сенім, біліктілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оскар Уайльд

Елiту келбетке қарағанда ақылда жиiрек болады, өйткенi беттiң көркi бiрден байқалады да, ешқандай күтпеген нәрсе кездеспейдi; ал ақыл адамның қалауына қарай бiртiндеп ашылады.

Ілмектер: ақыл, көрік, келбет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шарль Луи Монтескье

Бiз адамға табиғатынан дарынды дегеннен артық мақтау таба алмаймыз.

Ілмектер: адам, дарын, артық, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень

Егер сiз әдiл болмасаңыз, мұны бiрден шын көңiлмен мойындаңыз

Ілмектер: әділ, көңіл, әділдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Басқарудың төрт жексұрын тәсiлi:
Тәрбиесiз өлтiру — қаталдық;
Ескерту жасамастан жұмыстан нәтиже талап ету — зорлық;
Бұйрықты орындау мерзiмiне дейiн кешiктiру — қарақшылық;
Еңбекке ақы төлеуде сараңдық жасау — ұсақтық.

Ілмектер: қаталдық, зорлық, қарақшылық, ұсақтық, Басқару, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Қажет емес нәрсенi арзан болғаны үшiн сатып алмаңыз; бұл сiзге одан да қымбатқа түседi.

Ілмектер: қажет, арзан, қымбат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Джефферсон

Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенге боласың тең.

Ілмектер: өмір, махаббат, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмірдің қызығы Абай Құнанбайұлы

Кейбір нәрселер оны жасап көрмейінше қолыңнан келмейтіндей көрінеді.

Ілмектер: жетістік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нельсон Мандела

Тарих, бейне, оянғанша шошып, түршігетін жаман түс.

Ілмектер: Тарих, бейне, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, түс Джеймс Джойс

Өз топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады.

Ілмектер: мін, мінез, қасиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұхтар Әуезов