Кейде бір ғана сөз адамның ойын өзгертіп, өмірге деген көзқарасын жаңарта алады. Бұл бөлімде түрлі тақырыптағы ұлағатты сөздер, терең мағыналы нақыл сөздер және адамға ой салатын даналық ойлар жинақталған.
Егер сіз өмір, адам, тәрбие, достық, білім туралы әсерлі ұлағатты сөздер іздесеңіз, осы беттен табасыз. Мұнда мазмұнды нақыл сөздер мен қысқа да нұсқа ойлар тұрақты түрде толықтырылып отырады.
Тіл ешбір уақытта өзге нәрселерге бас имеске тиіс. Біз оны бегірек те сүюге һәм түрлі жұқпалы шет тілдерден сақтауға борыштымыз. Тіл айна, оның ішіне бүтін халықтың тұрмысы түсіп тұрады.
Ілмектер: тіл, халық Ғұмар Қараш
XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.
Ілмектер: тіл, қазақ Ахмет Байтұрсынұлы
Ерлік - аяулы қасиет, соның арқасында адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді.
Ілмектер: ерлік Аристотель
Өзіңді-өзің тану тәрізді, тарихты танып-білу де - қазіргі даму процесіне аса қажет әрекет. Ол - болмай қоймайтын жоғалтулар мұңын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге прогреске кең жол ашады.
Ілмектер: тарих Олжас Сүлейменов
Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек.
Ілмектер: қаза тілі, тіл, ғылым Халел Досмұхамедұлы
Ұмытпаңыз. Өзімізді басқа ұқсас халықтан айыратын белгіміз болған ана тілімізді білсек қана осы мақсаттарға жетпекпіз.
Ілмектер: тіл, мақсат, халық Ғұмар Қараш
Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрттың шалығы тимесе, кәсіби, ғұрпы өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ. Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір.
Ілмектер: қазақ, тіл Ахмет Байтұрсынұлы
...Дүниеде адамнан қызық ештеңе жоқ.
Ілмектер: дүние, қызық, адам Вильгельм фон Гумбольдт
Мен 10 000 түрлі ұрыс тәсілін игерген адамнан сескенбеймін. Мен тек 1 ғана тәсілді 10 000 рет қайталайтын адамнан сескенемін.
Ілмектер: сескену, адам Брюс Ли
Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын, тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ілмектер: мұғалім Ян Амос Коменский
Адамның бойындағы бұлжымас баянды нәрсе — өзінің жан дүниесіне жас кезінде сіңірген нәрсесі.
Ілмектер: адам, жастық Ян Амос Коменский
Жаманның көңілі көкте, жерде басы,
Ілмектер: көңіл, жақсы, жаман Жамбыл Жабаев
Алыс қой аңғарғанға екі арасы.
Жақсының өзі кішік, ойы биік,
Бірдей ме екеуінің мәртебесі?
Әркімнің жолдас болсын сүйген досы,
Ілмектер: жолдас, дос, көңіл Баубек Бұлқышев
Біріксе айырылмасын көңіл қошы!
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор.
Ілмектер: тіл, сөз Мұстафа Шоқай
Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз.
Ілмектер: тіл, ұлт Ғұмар Қараш
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
Ілмектер: тіл, міндет Ахмет Байтұрсынұлы
Гүлденген мәдениет дегеніміз - сан ғасырлар бойы өзге мәдениеттермен үздіксіз байланыс жасаудың жемісі. Тілге қатысты да осыны айтуға болады.
Ілмектер: мәдениет, тіл Олжас Сүлейменов
Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде...
Ілмектер: ақыл, білім Аристотель
Өмір – өнер болғанда, өнер – өлшем. Өнер – өлшем болғанда, өлшем – үнем. Ал үнем – тірліктің күре тіні.
Ілмектер: өмір, өнер Асқар Сүлейменов
Асығыстық - ақылдының ісі емес.
Ілмектер: асығыстық, ақыл Құтып
«Төлтума мәдениет» деген патриоттық ұғымды әлдебір алыс мұхит төрінде сан ғасырлар бойы кеме зәкір (якорь) тастап көрмеген аралға қатысты ғана қолдануға болады.
Ілмектер: мәдениет Олжас Сүлейменов
Жалпы өнер білімнің ішіне ана тілі болуы да кіреді һәм мұның керісінше ана тілі болудан ұлттың білім өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір білім өнерді таратуға мүмкін емес.
Ілмектер: ана тілі, тіл, білім, өнер Ғұмар Қараш
Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып түзілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады.
Ілмектер: халық, тіл, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы
Уақытты босқа өткізу - ең ауыр шығын.
Ілмектер: уақыт, шығын Жорж-Луи Бюффон
Ғылыммен неғұрлым көп танысқан сайын, оны солғұрлым жақсы көресің.
Ілмектер: ғылым Николай Чернышевский
Жұрт қайырымдылық жақсы қасиет деп есептесе де, кейде ол мақтаннан, кей-кейде жалқаулықтан, жиі қорқыныштан, ал көбіне үнемі осы үшеуінен қатар туындап жатады.
Ілмектер: қайырымдылық, жалқаулық Франсуа де Ларошфуко
Тіс тимеген шөп жесір, құс қонбаған көл жесір.
Ілмектер: тіс, жесір Асқар Сүлейменов
Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың, өнері де өршімейді.
Ілмектер: әдебиет, ұлт, ана тілі Ғұмар Қараш
Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.
Ілмектер: сөз, сөйлеу, тіл Ахмет Байтұрсынұлы
Ақыр түбінде қара бұлт ашылып, қазақ жастарының да әлеуметтік теңдікке жететініне, өз елін бақытқа бастар азамат боларына, бүкіл қазақ қауымының қапастан құтыларына сенімім бар.
Ілмектер: қазақ, жастар, сенім, азамат Сұлтанмахмұт Торайғыров
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі