Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат!
Қолда өсір - ұстай көрме алыста жат.
Мейірімді, таза болса тәрбиесі,
Баланың еркін өсер тәртібі-есі

Ілмектер: тәрбие, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Егер жиі-жиі фильм түсіре берсең, кейде бір үздік фильм шығады.

Ілмектер: фильм, сапа, шеберлік, маман Вуди Аллен

Егер де сіз бір нәрсе жасасаңыз және ол өте сәтті шықса, онда онымен тоқтап қалмаңыз – алға қарай қадам жасап, тағы да біреуін жасаңыз. Маңыздысы одан әрі не істеу керегін анықтап алу.

Ілмектер: стратегия, іс Стив Джобс

Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе.

Ілмектер: дене шынықтыру, спорт, оқу, білім, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Спорт – оптимистік мәдениетті, сергектік мәдениетін қалыптастыру.

Ілмектер: спорт, нақыл, афоризм Анатолий Луначарский

Сауыңда жүгірмесең, ауырғанда әуре болуыңа тура келеді.

Ілмектер: денсаулық, нақыл, афоризм Гораций

Гимнастика адамның жастық шағын ұзартады.

Ілмектер: гимнастика, спорт, адам, жастық шақ, нақыл, афоризм Джон Локк

Саулықтың қадірін ауырғанда білетініміз сияқты, жақсылықты жамандық арқылы да, дем алуды шаршау арқылы білеміз.

Ілмектер: денсаулық, шаршау, дем алу, жамандық, жақсылық, нақыл, афоризм Гераклит

Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.

Ілмектер: өмір, сөз, нақыл, афоризм Фариза Оңғарсынова

Дән себілмей - астық өнбейді,
Дария буланбай - шық түспейді.

Ілмектер: нақыл, афоризм Құтып

Сенің жауың бар ма? Керемет. Яғни, сен кезінде өз ойыңды қорғағансың.

Ілмектер: жау, ой, нақыл, афоризм Уинстон Черчилль

Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын.

Ілмектер: театр, нақыл, афоризм Шәкен Айманов

Дүние кейде бал сыйлайды, кейде ара боп шағады.

Ілмектер: дүние, өмір, нақыл, афоризм Құтып

Қағаны батыр, ақылгөйі кемеңгер елдің бағы жанады.

Ілмектер: батыр, ақыл, нақыл, афоризм, ел Тоныкөк

Аңдар адамдармен өмір сүріп қолға үйренді, ал адамдар бір–бірімен араласа жүріп жануарға айналуда.

Ілмектер: адам, жануар, нақыл, афоризм Гераклит

Адамдардың заңы: жақсылық құру және ұрыс дау дамайдан аулақ болу.

Ілмектер: нақыл, афоризм, заң, ұрыс, дау, жақсылық Лао-цзы

Шынайы өмірде ішкі проблемаларыңмен бетпе-бет келген кезде дін жайлы білімдерің адыра қалып, түкке тұрғысыз болып көрінеді.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм Махатма Ганди

Өз бетімен кеткен бассыздықты өрттен де тез сөндіру керек.

Ілмектер: өрт, бассыздық, нақыл, афоризм Гераклит

Жалғыз білім үйретуге емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек.

Ілмектер: білім, тәрбие, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Адамдар - әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды.

Ілмектер: адам, ана, перзент, нақыл, афоризм Максим Горький