Ұлағатты, дана, нақыл сөздер мен ойлар

Кейде бір ғана сөз адамның ойын өзгертіп, өмірге деген көзқарасын жаңарта алады. Бұл бөлімде түрлі тақырыптағы ұлағатты сөздер, терең мағыналы нақыл сөздер және адамға ой салатын даналық ойлар жинақталған.

Егер сіз өмір, адам, тәрбие, достық, білім туралы әсерлі ұлағатты сөздер іздесеңіз, осы беттен табасыз. Мұнда мазмұнды нақыл сөздер мен қысқа да нұсқа ойлар тұрақты түрде толықтырылып отырады.

Бұл қандай өмір, егер ол достарымның өмірімен төленген болса!

Ілмектер: өмір, дос Юлиус Фучик
WhatsApp Telegram

Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.

Ілмектер: жұрт, дос, дос болу, Достық Омар Хайям
WhatsApp Telegram

Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортасына қуса игі!

Ілмектер: ата, ұл, ұят, жау Төле би Әлібекұлы
WhatsApp Telegram

Тән сұлулығы қартаяды, жан сұлулығы қартаймайды. Тән сұлулығы мезгілге тәуелді, жан сұлулығы мезгілге тәуелді емес, өзіне өзі тәуелді.

Ілмектер: тән, жан, сұлулық, қартаю Бөкен би
WhatsApp Telegram

Айнымай тұтқан жолың болсын мынау -
Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.
Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр-ау.

Ілмектер: адамгершілік, борыш, адам Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса,
Жақсы сол - істер ісін тәмамдаса.

Ілмектер: шешен, жақсы, сөз, іс Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі.

Ілмектер: халық, әдептілік, білім, сезім, ерлік Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Жер үстінде адам өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Ілмектер: білім, адам Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас.

Ілмектер: дос, сыр Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Адал да белсенді еңбек — ерік пен мінезіңді жарасымды бітімін жетілдіре түседі.

Ілмектер: еңбек, ерік, мінез Тәжібаев Төлеген
WhatsApp Telegram

Адам өзін еңбектен қалдырмағаны,
Қарттыққа аяғын алдырмағаны.

Ілмектер: еңбек, қарт, кәрілік Ыбырай Жақаев
WhatsApp Telegram

Еңбек етпесең, не қорлықта қаласың, не ұрлыққа барасың.

Ілмектер: еңбек, ұрлық Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Сiз кез келген "Фордты" сатып ала аласыз, бірақ, оның түсі қара болады.

Ілмектер: көлік Генри Форд
WhatsApp Telegram

Alfa Romeo-ны көргенде мен әрдайым бас киімімді шешемiн.

Ілмектер: Alfa Romeo, көлік Генри Форд
WhatsApp Telegram

Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.

Ілмектер: тіл, ана тіл, мән Сұлтанмахмұт Торайғыров
WhatsApp Telegram

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

Ілмектер: сөз, үйрену Төле би Әлібекұлы
WhatsApp Telegram

Егер қыздың кемшіліктерін білгіңіз келсе, оны құрбыларының алдында мақтаңыз.

Ілмектер: қыз, кемшілік Бенджамин Франклин
WhatsApp Telegram

Өзіңді-өзің билеу – өзіңмен өзің соғысу деген сөз.

Ілмектер: билік, соғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бальтасар Грасиан
WhatsApp Telegram

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары – гөр,
Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткем ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.

Ілмектер: өлім, жұрт, ел Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Тозған жұқа топтауға оңай,
Тозған жеңешке үзуге оңай.
Жұқа қалың болса,
Жіктейтұғын алып-ты.
Жіңішке жуан болса,
Үзетұғын алып-ты.

Ілмектер: алып, жұқа Білге қаған
WhatsApp Telegram

Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.

Ілмектер: тіл, адам, ұлт Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Біз құстар секілді көкте ұшуды, балықтар секілді су астында жүзуді үйренгеннен кейін, енді тек адамға ұқсап жерде өмір сүруді үйрену ғана қалды.

Ілмектер: адам, өмір сүру Бернард Шоу
WhatsApp Telegram

Ақымақ адам өз тілін тыя алмайды.

Ілмектер: тіл, ақымақ Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Қазақ деген ел - бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.

Ілмектер: ел, қазақ, бостандық, халық Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

Ілмектер: еңбек, тілек Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Кішкентай жау болмайды.

Ілмектер: жау Бенджамин Франклин
WhatsApp Telegram

Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-түйек жұмыста да көрінуі керек.

Ілмектер: ерлік, жұмыс, қайрат Жүсіпбек Аймауытов
WhatsApp Telegram

Ар-намысың, жан-жүрегің қалай әмір етсе, солай істе.

Ілмектер: ар, намыс Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!

Ілмектер: адам, ақша, атақ, арақ, әйел Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Мен - қазақпын мың өліп, мын тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Ілмектер: Қазақ, Мен қазақпын Жұбан Молдағалиев
WhatsApp Telegram