Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Жазғытұры жайлауға бет алған бірінші көш — мал ұстаған елдің жыл сайынғы болып тұратын табиғи көрмесі.

Ілмектер: Жазғытұры, жайлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мал, табиғат Ғабит Мүсірепов

Таңдарлық қыз әрі есті, әрі сұлу болуы керек емес пе? Сұлулығы жеңсе, есінен айрылып қалатын, естілігі жеңсе, сұлулығынан айрылып қалатын қыздар аз болмайды, естілігі толыққан сайын сұлулығы да толыға беретіндері де болады.

Ілмектер: қыз, сұлулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, естілік Ғабит Мүсірепов

Есерсоқ батырдан есті қорқақ артық.

Ілмектер: батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қорқақ, есерсоқ Ғабиден Мұстафин

Бір үйез жылқыны бір бүгелек,
Бір семьяны бір беймаза күйзелтеді.

Ілмектер: беймаза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жылқы Ғабиден Мұстафин

Әке көңілін өзің әке болғанда білесің.

Ілмектер: әке, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көңіл Ғабиден Мұстафин

Асыл адам да, асыл нәрсе де тозады, жоғалады, Асыл сөз мәңгі жасайды.

Ілмектер: асыл, адам, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мәңгілік Ғабиден Мұстафин

Ажалдан ешкім құтылмаса, қайғыдан да құтылған емес.

Ілмектер: ажал, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Азамат бойына іс түскенде арсыз әкімдер семіреді.

Ілмектер: азамат, әкім, ар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ағайын арасына жік түссе, қас жаман сына қағар, қамқор азамат дәнекер болар.

Ілмектер: ағайын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, туыс, қамқор, дәнекер Ғабиден Мұстафин

Ағайының бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң асырай алмайды.

Ілмектер: ағайын, туыс, көре алмаушылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ағаш бұтағы жемісі басқан сайын, ақылды бас толған сайын иіледі.

Ілмектер: ағаш, бұтақ, аықл, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ақылмен мыңды, ақырумен бірді ғана көндіресің.

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Өлім күйі тәтті күй,
Елтиді жаным сол күйге...

Ілмектер: өлім, күй, жан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев

Зұлымдықтай ақылды бол,
Жанымның,
Жарасының аузын ашпа, жарқыным!

Ілмектер: ақыл, жара, жан, зұлымдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Байдың малы қымбат, кедейдің жаны қымбат...

Ілмектер: бай, мал, кедей, жан, қымбат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Жүзге тұратын бірден айрылып, бірге тұрмайтын жүздерге қалған екенбіз ғой...

Ілмектер: нақыл, жүз, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Адам қысылса бәрін өзі табады, қысылмаса көксейтіні — ылғи кең жайлау.

Ілмектер: жайлау, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Адам қарын тойғаннан гөрі, көңіл тойғанға риза.

Ілмектер: адам, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Өлеңнің өрті ішіне түскендерге,
Кедейшілік Қасымнан мұра қалған.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өрт, кедейшілік Жүрсін Ерман

Адамның қорлауына адамның езі, ынжығы ғана көнеді.

Ілмектер: адам, қорлық, ез, ынжық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин