Өмір — күрес. Мен сол өмірдегі «майданның белгісіз сардарымын, жеңуге де, жеңілуге де дайынмын». Адамзат сезім патшалығын сол қалпында сақтап қалу үшін күреседі. Мен туралы «күрес үшін жаралған жан» дегенді жиі естимін.
Ілмектер: Өмір, күрес, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Адамның барлық ішкі дүниесінің портреті жүзінен көрініп тұрады...
Ілмектер: адам, дүние, жүз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Заманы туған — гүл, заманы кеткен — күл.
Ілмектер: заман, гүл, күл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Тобыр — армия емес, армия да — тобыр емес.
Ілмектер: тобыр, армия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Қазақта жалғыз шаңырақ бар, ол — Қазақстан! Оңтүстік — өз үйіміз.
Ілмектер: Қазақстан, шаңырақ, үй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Сөйлесек... шындық, әділдік, дұрыстық, ақиқат дегендерді алға ұстай отырып сөйлейік...
Ілмектер: шындық, әділдік, дұрыстық, ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
Дүние деген — тұңғиық қара су ғой! Тәуекелі жеткен шешінеді де сүңгиді. Тәуекелі жетпеген жағада тұрып-ақ үрейленіп құриды.
Ілмектер: Тәуекел, дүние, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Күншіл — қоғамда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол адамгершілікке, жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім.
Ілмектер: Күншіл, қоғам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамгершілік, қылмыс Бауыржан Момышұлы
Өнер — киелі нәрсе. Оның құлы болған кісі ешкімге бағынбайды.
Ілмектер: Өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Ұлы ақындар жәбір-жапа, қорлыққа толы қиянат жыл, замандарда бір айқай салмай қалған емес...
Ілмектер: ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, заман Ғабит Мүсірепов
Халық жасаған бір өнерді жоғалту, сол халықтың денесінен бір мүшесін жоғалтумен бірдей емес пе?
Ілмектер: халық, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Сөз тасушы адам өсектеп жүрген адамының тырнағына да тұрмайды.
Ілмектер: өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Ақындық — Алла тағаланың тартқан сыйы, табиғаттың берген ерекшелігі.
Ілмектер: Ақындық, сый, табиғат, ерекшелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы
Қай жерде болсын халықтың мұң-мұқтажына құлақ аспаған адам ол азамат емес. Ол халқының бірінші жауы!
Ілмектер: халық, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мұң, мұқтаж Ғабит Мүсірепов
Сұлу сөзге сүйсінбейтін, сұмпайы сөзден жиренбейтін жан жоқ.
Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
Күншіл өзінің кескін келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады.
Ілмектер: күншіл, күншілдік, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Үнемi жетiлуге ұмтылу — әркiмнiң құқығы. Ол — оның жеке наградасы.
Ілмектер: жетілу, ұмтылыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құқық Махатма Ганди
Жеке адам өзiн тұтастың бiр бөлiгi ретiнде сезiнуге батылы барғанда ғана бақытты болмақ.
Ілмектер: сезім, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте
Шындықтың бәрiн айта беру керексiз: бiрiн — өзiң үшiн, екiншiсiн өзгелер үшiн айтпа.
Ілмектер: шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бальтасар Грасиан
Адамдар жалпы өзiн қоршаған ортаның мәнiсiне көп бара бермейдi. Көрген нәрсенiң мағынасын ойлануға уақыт таппайды, күйбең тiршiлiктiң тұтқынында өмiр сүредi, өзiнiң биологиялық қажеттерiн, өзiнiң өркөкiректiгiн қанағаттандыру жайын ғана ойлайды және өмiрде жылы орын табуға ұмтылады.
Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі