Нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, әзілдер – 587-бет

Асу бермес асқар жоқ.

Ілмектер: асу, асқар
WhatsApp Telegram

Асқар тау алыстан көрінеді.

Ілмектер: тау, асқар
WhatsApp Telegram

Үй үйге сыймағанмен, ел елге сияды.

Ілмектер: үй, ел
WhatsApp Telegram

Үйінде озған түбінде озар.

Ілмектер: үй
WhatsApp Telegram

Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.

Ілмектер: үй, ана
WhatsApp Telegram

Үлкеннен үйрен, кішіге үйрет.

Ілмектер: үлкен, кіші, үйрет
WhatsApp Telegram

Ынтымақ бар жерде бақыт бар.

Ілмектер: ынтымақ, бақыт
WhatsApp Telegram

Атамекен аясы - адамның жан саясы.

Ілмектер: атамекен, адам, жан
WhatsApp Telegram

Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.

Ілмектер: адам, табиғат, өмір
WhatsApp Telegram

Жақсы қонақ - құт, береке.

Ілмектер: құт, қонақ, береке, жақсы
WhatsApp Telegram

Адам арын ойлайды.

Ілмектер: адам, ар
WhatsApp Telegram

Ақыл көркі — тіл,
Тілдің көркі — сөз,
Адам көркі — жүз,
Жүздің көркі — көз.

Ілмектер: ақыл, тіл, сөз, көрік, көз
WhatsApp Telegram

Ақыл шыңы - даналық.

Ілмектер: ақыл, шың
WhatsApp Telegram

Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан.

Ілмектер: табиғат, адам, жылу, күн Михаил Пришвин
WhatsApp Telegram

Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.

Ілмектер: еңбек, жалқаулық, қуаныш, азап Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Обалды біліп өссең, сауапқа кенелесің.

Ілмектер: обал, сауап
WhatsApp Telegram

Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл.

Ілмектер: тек, тану
WhatsApp Telegram

Той деп шашылды, ас деп шашылды, ар, білім деп дәулет шашарға қай қазақтың қайраты жетеді?!

Ілмектер: қайрат, шашылу Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Не ойлауды емес, қалай ойлауды үйреткен ата-анама алғысым шексіз.

Ілмектер: ойлау Ричард Докинз
WhatsApp Telegram

Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт
Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса
Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас

Ілмектер: қазақ мақалы, бала тәрбиесі
WhatsApp Telegram

Ұры иесі жоқ үйге түсіпті. Заттарды қаптап жатса, тордың ішіндегі тотықұс:
- Кеша бәрін көріп тұр. Кеша бәрін көріп тұр! – деп қақсап отыр екен.
Ұры торды орамалмен жауып тастапты.
Тотықұс:
- Кеша деген мен емес, Кеше деген — төбет. Кеша, фас! — деген екен.

Ілмектер: тотықұс, ұры
WhatsApp Telegram

Жындыхана асханасында жындылар тамақ күтіп отырады. Олардың алдарына аспазшылар бос тарелкалар мен қасықтар әкеліп қояды. Жындылар әдеттеріне салып, қасықпен бос тарелкадан тамақ ішіп жатқандай сатырлатып жатады. Тек біреуі ғана "ішпей" отырады. Аспазшы мынаның есі дұрыс-ау деп, қасына барып сұрайды:
- Сен неге "ішпей" отырсың?- десе жынды:
- Суысын деп отырмын,- депті.

Ілмектер: жындыхана
WhatsApp Telegram

- Менде 2 хабар бар, біреуі жақсы ал екіншісі жаман. Қайсысынан бастайын?
- Жаманынан.
- Біз қателесіп сау аяғыңызды кесіп тастадық.
- Қалай?! Ал жақсысы???
- Ауру аяғыңызды емдеуге болады.

Ілмектер: ауру, дәрігер
WhatsApp Telegram

Ауру: - Дәрігер менде склероз басталды.
Дәрігер: - Қашан басталды?
Ауру: - Не қашан басталды?

Ілмектер: ауру, дәрігер
WhatsApp Telegram

Баяғыда бір апамыз жетінші күйеуге тиіп бара жатып:
- Өстіп жүріп бұзылып кетпесем болды ғой! - депті.

Ілмектер: апа, әзіл
WhatsApp Telegram

Ішің жақсы болса, сыртың да дұрысталады.

Ілмектер: адам, ішкі дүние Экхарт Толле
WhatsApp Telegram

Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.

Ілмектер: адам, адамгершілік, сүю Мағжан Жұмабаев
WhatsApp Telegram

Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз.

Ілмектер: адам, заман Мағжан Жұмабаев
WhatsApp Telegram

Айтуға - ұят, айтпасаң - қиянат.

Ілмектер: ұят, қиянат Шерхан Мұртаза
WhatsApp Telegram

Өзіне келер ұятты өзі біліп тұрса игі.

Ілмектер: ұят Төле би Әлібекұлы
WhatsApp Telegram