Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
Ілмектер: білек, білім, сену
Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.
Ілмектер: білім, ұл, гүл, жұпар
Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім.
Ілмектер: кітап, ғылым, мұғалім
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Ілмектер: ұстаз, әке, сыйлау
Көргенсіз дегенге кек тұтпа,
Ілмектер: көргенсіз, кек
Көргеніңнен көрмегенің көп.
Жер – ырыстың кіндігі,
Ілмектер: жер, білім, ырыс
Білім – ырыстың тізгіні.
Көзі жоқ, құлағы саудың
Ілмектер: ақыл, көз, құлақ
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.
Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
Ілмектер: оқу
Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады.
Ілмектер: оқу, хат
Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына.
Ілмектер: афоризм, қасиет, сөз, мағына Марк Твен
Ит мені қапты деп, оны қапсам, адамдық аузымда не қасиет қалады.
Ілмектер: ит, адам, қасиет Мұхтар Әуезов
Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.
Ілмектер: ана тілі, ата-ана Бауыржан Момышұлы
Қыздың жолы жіңішке.
Ілмектер: қыз, жол
Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Ілмектер: сұлу, бет, ақыл, жүрек
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
Қыз өссе – елдiң көркi,
Ілмектер: Қыз, гүл, ел, жер
Гүл өссе – жердiң көркi.
Адамға билік бер, сосын оның кім екенін білесің.
Ілмектер: билік, адам Наполеон Бонапарт
Соңғы сөз әрқашан ортақ пікірге ұласуы керек.
Ілмектер: сөз, пікір Наполеон Бонапарт
Ұяла білген адамның жүрегі қара болуы мүмкін емес.
Ілмектер: қытай даналығы, қытай мақалы
Білмегеніңнен емес, үйренбей жүруіңнен қорқ.
Ілмектер: білім, қытай даналығы, қытай мақалы
Ұстаз тек есікті көрсетеді, әрі қарай өзің барасың.
Ілмектер: білім, қытай даналығы, қытай мақалы
Бақытсыздық, оған ашылған есікке кіреді.
Ілмектер: бақыт, қытай даналығы, қытай мақалы
Өмір егер ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік, тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік?
Ілмектер: Өмір, тәтті, ащы Ғабиден Мұстафин
Құдай адамға екі құлақ пен бір ауызды көп тыңдап аз сөйлеу үшін берген.
Ілмектер: Тәрбие, Еврей мақалы
Ата-ана балаға сөйлеуді үйретеді, бала ата-анаға аузын жабуды үйретеді.
Ілмектер: ата-ана, бала, Еврей мақалы
Білім көп орын алмайды.
Ілмектер: білім, оқу, Еврей мақалы
Мойныңа мініп алмасын десең, қатты еңкейе берме
Ілмектер: басыну, Еврей мақалы
Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.
Ілмектер: Өмір, бүгін, ертең, өмір-өзен Дінмұхамед Қонаев
Facebook-та танысқан қыз бен жігіт кездесіпті.
Ілмектер: facebook, қыз, жігіт, түр
Қыз:
- Не болды, әншейінде facebook-та ауызың жабылмай отыратын едің ғой, қазір неге үндемей қалдың? - десе, жігіт:
- Сен қазір өзіңді facebook-тағы түріңмен келіп тұрмын деп ойлап тұрсың ба? - депті.
Екі құрбы суретке түсіп жатыр, енді түскен суреттерін қарап отырып:
Ілмектер: сурет, фото, құрбы
- Фуу... ұсқынсыз. Түрді қарашы.
- Ой, сенікі ештеңе емес, мені айтсай.
- Енді сені айтып тұрмын ғой, - депті
Сенің ақырын қозғалғаның маңызды емес,бастысы сенің тоқтамауыңда.
Ілмектер: қозғалыс, ақырын, тоқтамау Брюс Ли
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі