Нақыл сөздер

Кейде бір ғана сөз адамның ойын өзгертіп, өмірге деген көзқарасын жаңарта алады. Бұл бөлімде түрлі тақырыптағы ұлағатты сөздер, терең мағыналы нақыл сөздер және адамға ой салатын даналық ойлар жинақталған.

Егер сіз өмір, адам, тәрбие, достық, білім туралы әсерлі ұлағатты сөздер іздесеңіз, осы беттен табасыз. Мұнда мазмұнды нақыл сөздер мен қысқа да нұсқа ойлар тұрақты түрде толықтырылып отырады.

Адамды қиыншылықтан алыстататын бір ғана ой бар.Ол арманы мен болашағына деген үміті .

Ілмектер: Бақберді Айбану
WhatsApp Telegram

Адамның киген киіміне қарап сын айту- көз бен сөздің қателігі.

Ілмектер: автор:Бақберді Айбану
WhatsApp Telegram

Адамның киген киіміне қарап сын айту- көз бен сөздің қателігі.

Ілмектер: автор:Бақберді Айбану
WhatsApp Telegram

Жалғыздықтан қорқудың еш қажеттілігі жоқ.Кейде тығырықтан шығу үшін оңаша қалып,қорытынды жасаудың өзі жеткілікті.

Ілмектер: автор:Бақберді Айбану
WhatsApp Telegram

Қоршаған орта қандай болса,дәл сондай болудың еш пайдасы жоқ.Дәл осы сәтте адамзат өз болмысы мен жеке тұлғалық қасиетін жоғалтады.

Ілмектер: автор:Бақберді Айбану
WhatsApp Telegram

Жүректегі мылқаулықты оятар қасиет-батылдық.

Ілмектер: Батылдық
WhatsApp Telegram

Жүректегі мылқаулықты оятар қасиет-батылдық.

Ілмектер: Батылдық
WhatsApp Telegram

Адамзатты көкке сүйрелейтін өзіне деген сенім,ал көрге сүйрелейтін пәс кеудедегі жалқаулық.

Ілмектер: Бақберді Айбану
WhatsApp Telegram

Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау — масқара болушылық.

Ілмектер: намыс, моральдық рух, масқара, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Абыройды, жоғары моральдық рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға ниет ету — намыс деп аталады.

Ілмектер: намыс, абырой, моральдық рух, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ар – парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы.

Ілмектер: Ар, парыз, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Парызды түсіну ар-ұят деп айтылады.

Ілмектер: парыз, ар, ұят, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Жан кетсе,дүниенің де,малдың да,мүліктің де еш құны қалмас.Артыңнан қалар алтын ізді жол-келешекке қалдырған тарих.

Ілмектер: Бақберді Айбану
WhatsApp Telegram

Біз өмірлердің құрбаны емеспіз, Алланың Рахмани жаратылысымыз. Ал Жаратушы өмірдің басты авторы, ал біздер соавторлармыз. Сондықтан тағдыр бірлесіп жазылады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, дүние, ақырет, Құрбан, Алла, жаратылыс, автор, тағдыр Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Ғажайып тек оған сенген кезде ғана болады.

Ілмектер: Ғажайып, сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дени Дидро
WhatsApp Telegram

Егер сіз өзіңізге не қажет екенін білсеңіз және сол нәрсені қатты қаласаңыз, сіз оған жетудің жолын міндетті түрде табасыз.

Ілмектер: жетістік, мақсат, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джим Рон
WhatsApp Telegram

Зор дұшпаннан қандай сақтансаң, ұсақ жаудан сондай сақтан.

Ілмектер: дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жау Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Адам деген даңқым бар.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Біз өзіміз туралы ойлағандай емеспіз, бірақ біз күні бойы не туралы ойлаймыз – біз сондаймыз!

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ой, ойлау, көзқарас, өзін-өзі тану, туралы Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Әскери істе ес тәжірибені негіздеуге қызмет етеді.

Ілмектер: Әскери іс, тәжірибе, ес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Жеке тәжірибе — ұлы іс, ол санада терең із қалдырады.

Ілмектер: тәжірибе, сана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Күдік — қорқыныштың бір түрі.

Ілмектер: Күдік, қорқыныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Көнтерілілік, көнбістік — асқақ адамның сергек ойына тұсау.

Ілмектер: адам, сергек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көнбістік Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

«Өмірді тек СЫРТҚЫ адамдар (үкімет) басқарады», «Менің өмірім қоршаған ортаға жəне СЫРТҚЫ жағдайларға ғана (отбасы, жұмыс) байланысты» деген сияқты сенімдер – СЫРТҚА тәуелді адамның санасында берік орныққан. Олар керісінше дəлелдейтін логикалық сенімдерді қабылдаудан бас тартады.

Абайдың замандасы, американдық, Уильям Джеймс, көрнекті философ жəне психолог: «Біздің заманымыздың ең үлкен жетістігі — ойлаудың ішкі жақтарын өзгерту арқылы біз өмірдің СЫРТҚЫ жақтарын өзгерте алатындығымыз», — деп айтып кеткен. Бұл қысқа мəлімдемеде үлкен шындық бар.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, сырт, адам, Үкімет, басқару, қоршаған орта, отбасы, жағдай, жұмыс, айнала, тәуелділік, сенім, сана, логика, қабылдау, философия, психология, заман, Жетістік, шындық, шындық туралы, Абай Құнанбаев Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Ертең жоқ. Кешіктірмеңіз, қазір жасаңыз.

Ілмектер: ертең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Тони Моррисон
WhatsApp Telegram

Ғылым біздің көптеген ауруларымыздың емін ойлап тапты, бірақ олардың ең қорқыныштысы — немқұрайлылықты таба алмады.

Ілмектер: ауру, ғылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, немқұрайлылық Энн Салливан
WhatsApp Telegram

Бақыттың бір есігі жабылған кезде, екіншісі ашылады; бірақ біз оны жабық есікке қарап жиі байқамаймыз.

Ілмектер: бақытғ есік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Энн Салливан
WhatsApp Telegram

Біз сенетін өтіріктерден біз өмір сүретін шындықтар өседі.

Ілмектер: өтірік, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оливер Хассенкамп
WhatsApp Telegram

Біздер тұрмыс-тіршіліктен қолымыз тимей, дүниенің алдап жатқанын сезбейміз. Сананы тұрмыс-тіршілік билейді деп шатасып жүрміз және кейінгілерді де солай адастырып жатырмыз. Бізге түк қатысы жоқ, зияны көп ақпаратты қабылдау, оған құл болу – өмір сүру салтына айналды.

Шарасыздық сезімі, сəтсіздіктер мен көңіл толмаушылық, біздердің – қоғамды, басқаларды, тағдырды (Құдайды) кінəлауға жəне əртүрлі кінәлілерді іздеуге мəжбүр етеді.

Адамзаттың көпшілігі өз проблемаларының шешімін өзі емес сыртқы ортаның шешіп бергенін қалайды, өзіне-өзі толық жеткілікті бола алмаған, өз-өзін еркін қамтамасыз ете алмайды, осының нәтижесінде Құлдық Санаға түсіп қалған, масыл және тәуелді адамдар қаптайды. Бұл гуманизм жолы емес!



Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, тұрмыс, тіршілік, дүние, алдау, сезім, сана, билік, бала, ақпарат, адамзат, қабылдау, өмір сүру, салт, шарасыздық, сәтсіздік, көңіл, Қоғам, тағдыр, құдай, Кінәлау, проблема, шешім, тәуелсіз, адамгершілік, ізгілік, жол, Гуманитарлық, тәуелсіздік, масыл, құлдық сана, Тарих, қоршаған орта Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Мен періште болған жоқпын, бірақ әрдайым адам болуға тырыстым.

Ілмектер: адам, періште, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Чарли Чаплин
WhatsApp Telegram