Сөз — Мақал-мәтелдер жинағы - 9-бет
Бұл бөлімде "сөз" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.
Жылы – жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады.
Ілмектер:
сөз, жылан
Өзің көтермейтін сөзді басқаға айтпа.
Ілмектер:
сөз
Арғымақтың белгісі,
Аз оттар да көгі жусар.
Асыл жігіт белгісі,
Аз сөйлер де көп тыңдар.
Ілмектер:
арғымақ, асыл, сөз, жігіт
Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді.
Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.
Ілмектер:
ақыл, бас, көз, сөз
Ақымақтың сөзі ақау татыр.
Ілмектер:
ақымақ, сөз
Құлақтан кірген суық сөз,
Көңілге барып мұз болар.
Ілмектер:
құлақ, сөз, көңіл, мұз
Адам тілі тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар.
Ілмектер:
адам, тіл, тас, сөз
Сөздің өтірігіне нанба,
Қисынына нан.
Ілмектер:
сөз, өтірік
Ұшқан құстың жолы жоқ,
Өтірік сөздің түбі жоқ.
Ілмектер:
құс, жол, өтірік, сөз
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі