Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (77) Ұлағатты сөздер (24)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Кедейлік" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"Кедейлік" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Кедейлік" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Еңбекте кедейлік болмайды.

उद्योगे नास्ति दारिद्र्यम्।
Udyoge nāsti dāridryam.

Ілмектер: Чанакья, Чанакья Нити, еңбек, кедейлік, даналық, еңбекқорлық, Sanskrit proverb, мотивация, әрекет ету, әрекет, тіршілік Чанакья
WhatsApp Telegram

Кедей болар керi кеткен, ұйқысы мол,
Сайрап келiп тұрады үш қара жол.
Кедейлiктiң бiр үлкен жерiк асы,
Жаман қатын бар үйден үзбейдi қол

Ілмектер: жаман, қатын, кедей, кедейлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Алыстан кедейлiктiң алдынан шық,
Төбесi көрiнген соң қиын болар.

Ілмектер: кедей, кедейлік, алыс, қиын, алдын алу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Өзі жетісіп өмір сүріп, жоқшылық көріп отырған бауырынан безсе, ондай адамды Құдай сүйе ме?

Ілмектер: өмір, байлық, кедейлік, кедей, жоқшылық, бауыр, адам, нақыл, афоризм Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Маған адамның кедейлігі емес, оның ойы мен жанының кедейлігі қынжылтады.

Ілмектер: адам, кедейлік, ой, жан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Омар Хайям
WhatsApp Telegram

Кедейлік сіздің барлық уақытыңызды алады. Ол сол үшін жаман.

Ілмектер: Кедейлік, уақыт Виллем де Кунинг
WhatsApp Telegram

Адамдар кедейліктен және белгісіздіктен қорқады; егерде екеуінен де құтыла алмасаңыз, намысты жоғалтпай, оларды қабылдаған жөн.

Ілмектер: кедейлік, қорқу, намыс Конфуций
WhatsApp Telegram

Кедейлік - мүліктің азайғандығы емес, қомағайлықтың артқаны.

Ілмектер: кедей, кедейлік, қомағайлық Платон
WhatsApp Telegram

Бай болу, кедей болу - тағдыр ісі.

Ілмектер: байлық, кедейлік, тағдыр Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Кедейлік - кемдік емес.

Ілмектер: кедей, кедейлік Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес.

Ілмектер: байлық, мұрат, кедейлік, ұят Қазыбек Келдібекұлы
WhatsApp Telegram

Болса да қол қысқа - шағынба болмысқа.

Ілмектер: кедейлік Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Дүниеде кедейлік жоқ - өнерпазға.

Ілмектер: кедей, кедейлік, өнерпаз, дүние Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес.

Ілмектер: кедейлік, жігіт, намыс, дос Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер.

Ілмектер: кедейлік, байлық, алтын, күміс Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Бар - бақыр, жоқ - алтын.

Ілмектер: кедейлік, байлық, алтын Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Ұмсынған жерге жетпесе,
Қайтады ердің райы.
Мінер ат, киер киімге,
Мұқтаж болған жігіттің,
Шықпайды ешбір шырайы.

Ілмектер: жігіт, байлық, кедейлік Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Ділмәр боп жүр бұл күнде,
Дым білместің талайы.
Жоқтықтан қолы байланып,
Кеңеске басы кірмей жүр,
Жігіттің не бір сығайы.

Ілмектер: байлық, кедейлік, жігіт Базар Оңдасұлы
WhatsApp Telegram

Бардың жұпыны киінгені де, жоқтың барша киінгені де белгілі болып тұрады.

Ілмектер: кедей, кедейлік Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді.

Ілмектер: кедейлік, байлық Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram