Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2885)

Әдебиет — ойдан, ой — тұрмыстағы соқтығыстардан туады.

Ілмектер: Әдебиет, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тұрмыс, тұрмыс Ғабиден Мұстафин

Ойым нәрлі болсын десең, өмірге аралас, өмірдің, бетінде қалқыма, түбіне сүңгі, асыл оңайда жатпайды, тереңде жатады.

Ілмектер: ой, нәр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір Ғабиден Мұстафин

Әдебиеттің түпкі мақсаты – адам жанын тәрбиелеу.

Ілмектер: Әдебиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие, жан, адам Ғабиден Мұстафин

Әдебиет әрі күшті, әрі нәзік, әрі көркем болуды тілейді.

Ілмектер: әдебиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көркем, нәзік Ғабиден Мұстафин

Сипалақтап көп сөйлегенше, аз сөйле де дәл айт.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Әдемі де сүйікті айтылымдар қайдан шығады? Оларды талантты, яғни, зергер адам жасайды. Ал бұлардың мәні — сырының қандайлығын айқындап беру — біздің ғалымдарымыздың міндеті.

Ілмектер: сөз, талант, зергер, сыр, міндет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Аристотель

Шешендік — көп сөзділікте емес, тапқырлықта.

Ілмектер: Шешендік, тапқырлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Әншейінде ауыз жаппас, керегінде жақ ашпас, жақ ашса дәл баспас сылдыр шешендер бар.

Ілмектер: шешен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Тіл салақ сөйлеуден бұзылады...

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Біз даланың ессіз ерлеріміз ғой, көзге түрткенде ғана селк етеміз...

Ілмектер: дала, ер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Ойланбай істеген қызмет өкініш тудырады...

Ілмектер: қызмет, өкініш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Жер-суынан айрылған елде не билік болады...

Ілмектер: Жер, су, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Әр ел өз ерлігін көтере айтқанда жеңген жауының осал еместігін қоса айтады. Тек ірілік қана аңызға айналады...

Ілмектер: ел, ерлік, жау, аңыз, ірілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Қазақ халқы қазақ атанудан әлдеқашан бұрын мал баққан ел... Қазақ — ұйқысы қанған халық, ұйқысы қалған халық...

Ілмектер: қазақ, халық, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Судың тазалығын үйретейік, желдің еркелігін үйретейік, ағаштардың жайқалуын үйретейік, күннің жылылығын үйретейік, Ата-ананың достығын үйретейік... Балаларымызды әуелі ата-ананың мейіріміне, махаббатына бөлейік!

Ілмектер: су, тазалық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ата-ана, бала, тәрбие, ағаш, күн, мейірім, махаббат Ғабит Мүсірепов

Ақырзаман боларда барлық бәлелердің есігі ашылып кетеді екен...

Ілмектер: Ақырзаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, есік, бәле Ғабит Мүсірепов

Азияның аязына, Африканың ыстығына шыдар ұрпақ керек...

Ілмектер: аяз, ұрпақ, ыстық, шыдамдылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Өкшелес буын, ойыныңа, ойыңа қараймын...Өзім ұшып кете алмаған биікті сендерге тілеймін. Өзің аспанда, ойың төменде жүргенше өзің төменде, ойың аспанда жүрсін, жаным! Әке ызғары оларға қазір керек-ақ...

Ілмектер: әке, буын, ұрпақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Мен сақтанбай сөйлейтін адаммын!

Ілмектер: адам, сақтану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Бар мен жоқтың, асыл мен жасықтың мөлшері салыстыру арқылы ғана танылмақ....

Ілмектер: асыл, жасықтық, салыстыру, мөлшер, таным, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов