Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2902)

Қыз атын қызыққандар шығарады.

Ілмектер: қыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Түзетуге келмейтін қате — нағыз қате.

Ілмектер: қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Қателесу әрбір адамға тән қасиет,
Қатесін жақтау ақымаққа тән қасиет.

Ілмектер: қасиет, қателесу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Жақсы өткізген күніңнің тыныш ұйқы сыйлайтыны секілді, елге пайдалы сүрген ғұмырың да тыныш өлім сыйлайды.

Ілмектер: өмір, өлім, ғұмыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұйқы Леонардо да Винчи

Ана — тапқан ұлымен ардақты,
Саудагер — тапқан пұлымен салмақты.

Ілмектер: ана, бала, ұл, саудагер, пұл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Күшті шарап көп ішуге жарамайды,
Дөрекі мінез келелі кеңеске жарамайды. 

Ілмектер: шарап, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Ешкімге пайдасыз өмір сүру — мезгілсіз өлу.

Ілмектер: өмір, пайда, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте

Жадының нашарлығына бәрі де арыз айтады, ақылы туралы ауыз ашпайды.

Ілмектер: жад, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Ақылды қорқақ алдырмас.

Ілмектер: ақыл, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Өмір тәрбиешісі — тарих.

Ілмектер: өмір, тәрбиеші, тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Цицерон

Сәулет өнері — тастан қаланған саз.

Ілмектер: сәулет, өнер, тас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, саз Иоганн Вольфганг фон Гёте

Көргенің мен түсінгеніңе қуана білу табиғаттың үлкен сыйы.

Ілмектер: сый, қуану, табиғат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Шын қорқақ ажалын табар,
Сұм қорқақ амалын табар.

Ілмектер: ажал, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Құдайдың ісін қарашы: Біздің жанымызды кез келген ала алады, бірақ ешкім өлімнен құтқара алмайды.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека

Заң — қарақұрт торы: әлсіздер құтылмайды, күштілер тұтылмайды.

Ілмектер: заң, тор, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлсіз, күшті Анахарсис

Бақытты қуып әлекке түспе: ол барлық уақытта өзіңмен бірге.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, уақыт Пифагор

Ақиқатқа ең жақын адамдар — ақындар.

Ілмектер: ақиқат, ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махатма Ганди

Қайран тіл, қайран сөз — наданға қадірсіз...

Ілмектер: тіл, сөз, надан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мыңжас Темір

Арманың ақ сағым,
Тағдырың — қас-қағым.

Ілмектер: арман, тағдыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Жақсы өмір сүру үшін өмір бойы басшылыққа жарар бір ауыз сөз — кешірімді болу.

Ілмектер: өмір, кешірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций