Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "афоризм" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Өз шаруаларыңды өзгемен ақылдасу үшін, алдымен оның өзінің шаруаларымен қалай айналысып жатқанын қара.
Ілмектер: ақылдасу, нақыл, афоризм Сократ
Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ.
Ілмектер: әдеп, нақыл, афоризм Саиф Сараи
Еңбектегі табыс - бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы. Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды.
Ілмектер: еңбек, табыс, мақтаныш, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский
Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.
Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Платон
Қит етсе болды америкалап шыға келетін аура етек алды. Бұл өзі мегежіннің інгенмен бой салыстырғанындай.
Ілмектер: Америка, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов
Құлық пен сатқындық ептіліктің олқылығынан ғана хабар береді.
Ілмектер: сатқындық, ептілік, құлық, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко
Шад-шадыман күндерім,
Ілмектер: өмір, уақыт, нақыл, афоризм Шәңгерей Бөкеев
Демедім бастан өтер ғой.
Дәурен өтіп, жас жатіл,
Замандас құрбы адамдар,
Азайып келіп ол бітті.
Көрген түстей бәрі де,
Көзімнен болды зым-зия.
Ағаш едің құрма өскен,
Ұршық болдың шуда өскен.
Бір қалыпта тұрмақ жоқ,
Шығармалық мұны естен.
Бірлік түбі – зорлық.
Ілмектер: бірлік, зорлық, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов
Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.
Ілмектер: білім, жаңалық, нақыл, афоризм Әл – Фараби
Егер махаббат жайлы оның әдеттегі көріністеріне қарап пікір айтар болсақ, оның достықтан гөрі дұшпандыққа көп ұқсас екенін көрер едік.
Ілмектер: махаббат, достық, дұшпандық, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко
Бұл ғаламда тұзақты да, тұсау-тұсамысты да туабітті танымасқа жаралған біреу бар: ол – адам.
Ілмектер: адам, ғалам, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов
Көп жылдар қудым артыңнан,
Ілмектер: нақыл, афоризм Шәңгерей Бөкеев
Лашындай сызып жер қия.
Бірде шығып шарыққа,
Бірде тарттым тұңғия.
Күнделікті өмірде кей-кейде біздің жақсы қасиетімізден гөрі жағымсыз қылығымыз тартымдырақ көрінеді.
Ілмектер: қылық, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко
Байлық - барлық болғанда, өнер - мұрат. Байлықтан мұрат шықпаған. Ал, мұрат - тірлік.
Ілмектер: мұрат, байлық, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі