Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (75) Өлеңдер (66) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (154) Ұлағатты сөздер (33)

Батыр — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "батыр" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ел шауып кісі өлтірген боп па батыр.

Ілмектер: батыр, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Қаһарман — өмірін өзінен де құнды болған нәрсеге арнаған адам.

Ілмектер: қаһарман, hero, адам, батыр, ер, Өмір, мән Джозеф Кэмпбелл
WhatsApp Telegram

Батыр да бір оқтық, ақын да бір оқтық!

Ілмектер: батыр, ақын Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram

Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

Ілмектер: батыр, мінез, тәрбие Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өлімге де - мал керек, батырға да - жан керек.

Ілмектер: өлім, мал, батыр, жан Шортанбай Қанайұлы
WhatsApp Telegram

Ойлай білген ер - көзсіз батырдан көп артық.

Ілмектер: ер, батыр, ой Құтып
WhatsApp Telegram

Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, ақын, батыр, шешен
WhatsApp Telegram

Қағансыз ел - кіріптар.
Біріккен батыр жау алар.

Ілмектер: батыр, жау, ерлік Тоныкөк
WhatsApp Telegram

Қағаны - батыр, ақылгөйі - кемеңгер елдің бағы жанады.

Ілмектер: батыр, ел, бақ, отан, туған жер Тоныкөк
WhatsApp Telegram

Батыр бейнесі адамзат үшін өмірдегі ұлылыққа, шындыққа және адамгершілікке деген биік сенімді орнықтырады.

Ілмектер: батыр, шындық, ерлік, адамгершілік Виссарион Белинский
WhatsApp Telegram

Батырлық, сергектік, ерлік әр жерде-ақ, әр жағдайда-ақ қажет болса да, олар өнерден туындап жатпаса да зая кетпек.

Ілмектер: батыр, ерлік, өнер Александр Суворов
WhatsApp Telegram

Батыр — ол адамзат қоғамының мүддесі үшін, сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасай алатын адам.

Ілмектер: батыр, қоғам, мүдде, адам Юлиус Фучик
WhatsApp Telegram