Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (54) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (440) Ұлағатты сөздер (235) Әзіл, анекдоттар (1)

Сырыңды ешкімге алдыртпа! Екі елі ауызыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.

Ілмектер: сыр, сөз, сыр сақтау Бауыржан Момышұлы

Білімдінің сөзі — ем,
Мейірімі көп, өзі кең!

Ілмектер: білім, мейірім, сөз Мағжан Жұмабаев

Сөз - құлын да, ой - жылқы.

Ілмектер: сөз, ой Асқар Сүлейменов

Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.

Ілмектер: сөз, сайыс, тіл Тоқсары

Сөз көбіне - көп өзі өмірге келген тілде тұрақтамай, сырттан келген сөздермен (вокабул) алмастырылады. Бірақ мүлдем жойылып кетпейді басқа тілдерде жан сақтап, өмір сүре береді.

Ілмектер: сөз, тіл, вокабул Олжас Сүлейменов

Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса – сөз кестелі болады.

Ілмектер: мақала, қалам, сөз Әлихан Бөкейханов

Кез-келген тіл дерексіздікке (абстракция) құмар. Ал ең таза сөз жүйелілік және семантикалық тұрғыда монополиске айналған сөз.

Ілмектер: тіл, сөз Олжас Сүлейменов

Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.

Ілмектер: сөз, сөйлеу, тіл Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор.

Ілмектер: тіл, сөз Мұстафа Шоқай

Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл жетілу қатар жүреді.

Ілмектер: сөз, ой, тіл Жүсіпбек Аймауытов

Сөз — істің елесі.

Ілмектер: сөз, іс, елес Демокрит

Алланың өзі де - рас, сөзі де - рас.

Ілмектер: Алла, рас, сөз Абай Құнанбайұлы

Ақымақтың ұстазы – сөз емес, бақытсыздық.

Ілмектер: ақымақ, ұстаз, сөз, бақытсыздық Демокрит

Сөзіңіздің құлы болмаңыз.

Ілмектер: сөз, құл Томас Карлайл

Сөзі мен ісіне айырма салғандар – шындығын жоғалтып алғандар.

Ілмектер: сөз, шындық Мұхтар Шаханов

Саулық тілеп, табыс күтсең ісіңнен,
Жарамайтын сөз шығарма ісіңнен.

Ілмектер: саулық, табыс, сөз, іс Жүсіп Баласағұни

«Мүмкін емес» - бұл французша сөз емес.

Ілмектер: сөз, француз, мүмкін емес Наполеон Бонапарт

Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол - кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді.

Ілмектер: жақсылық, сөз, адам Сенека

Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, мағына жағының күштілігімен жағады.

Ілмектер: сөз, көңіл Ахмет Байтұрсынұлы

Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді.

Ілмектер: сөз, өнер, әдебиет, нақыл сөздер Ахмет Байтұрсынұлы