Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"ақиқат" туралы ұлағатты сөздер жинағы.
Ақиқат - адал айтыстан туады.
Ілмектер: ақиқат, афоризм, нақыл Шерхан Мұртаза
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат.
Ілмектер: су, өмір, ақиқат Мәриям Хакімжанова
Ашық айту - анық айту болғанымен, ақиқатты айту емес.
Ілмектер: ақиқат, ашық айту Асқар Сүлейменов
Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?
Ілмектер: адам туралы нақыл сөздер, махаббат, ақиқат, батылдық туралы нақыл сөздер, батылдық Махатма Ганди
Көпшілік адам ақиқат деп санайтын дүние, ақиқатқа айналады.
Ілмектер: ақиқат, дүние, адам Пауло Коэльо
...ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Ілмектер: ғылым, білім, ақиқат Абай Құнанбайұлы
Ақиқат қашан да аңғал келеді.
Ілмектер: ақиқат Олжас Сүлейменов
Ақиқат жеңер жалғанды.
Ілмектер: ақиқат, жеңу Міржақып Дулатұлы
Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.
Ілмектер: ақиқат, көру, ақыл, көз Мұзафар Әлімбаев
Жүректілік басқа ізгі қасиеттерді дамыту үшін міндетті түрде қажет. Ерліксіз ақиқатты іздеуге немесе махаббатты аялап сақтауға бола ма?
Ілмектер: қасиет, ерлік, махаббат, ақиқат Махатма Ганди
…Тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
Ілмектер: тәуелсіздік, арман, ақиқат Нұрсұлтан Назарбаев
Ең жақсысы – бетке айтылған ақиқат.
Ілмектер: ақиқат Уильям Шекспир
Ақиқат маңызды емес, адамдардың ақиқат деп білетін нәрсесі маңызды
Ілмектер: шындық, шындық туралы нақыл сөздер, ақиқат Пол Уотсон
Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді
Ілмектер: ақиқат, білім, өмір Шоқан Уәлиханов
Шындық ақиқатты түсіндіруші.
Ілмектер: шындық, ақиқат Бауыржан Момышұлы
Адамзаттың айналып келіп ақырында аяқ тірер ақиқаты Ислам.
Ілмектер: ақиқат, ислам Лев Толстой
Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.
Ілмектер: ақиқат, сөз, мақал Ахмет Байтұрсынұлы
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі