Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2902)

Адамға — ақыл керек, іс керек, мінез керек.

Ілмектер: адам, ақыл, іс, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Өзі ешкімді сүймейтін адамды, меніңше, ешкім де сүймейді.

Ілмектер: сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит

Сүйікті болу — бай болудан артық, өйткені сүйікті болу — бақытты болу деген сөз.

Ілмектер: Сүйікті, бай, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Клод Тилье

Өзі тамаша адамның ғашық жары да тамаша болуға тиіс.

Ілмектер: тамаша, ғашық, жар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлішер Науаи

Демің – гүл аңқыған
Нұрың – Күн шалқыған.
Көргенде, бой еріп,
Сүйегім балқыған.

Ілмектер: дем, гүл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Адам елеусіз тозаң сияқты із-түссіз құрып кету үшін тумайды. Адам жер бетінде артында із қалдыру үшін, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде жүргендей із қалдыру үшін туады.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Василий Сухомлинский

Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады.

Ілмектер: Журналистика, қоғам, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Николай Михайловский

Тактиканың жеңіске әкелетін нәрсе екенін білемін, дегенмен эмоцияның да көп нәрсе шешетінін естен шығармау керек.

Ілмектер: Тактика, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жеңіс, эмоция Юрген Клопп

Мен «біз бүгін жаман ойнадық» деп көңілсіз пікір білдіріп, артынша ресторанға барып көңілді кеште ас ішетіндердің қатарынан емеспін.

Ілмектер: пікір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ресторан, ас Юрген Клопп

Нағыз жігіт, аз сөйлейтін жігіт!

Ілмектер: нақыл, дана сөз, нақыл сөз, ұлағатты сөз, жігіт, нағыз жігіт, аз сөйлеу Али Динабеков

Өзің жақсы болсаң бәрі жақсы,
Өзің жаман болсаң бәрі жаман.

Ілмектер: нақыл сөз, дана сөз, жақсы, жақсылық, жаман, жамандық, нақыл, жақсылық пен жамандық Али Динабеков

Ашушаңдық — сізді ақымақ етіп көрсететін басты мінез.

Ілмектер: Ашушаңдық, мінез, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Тәрбиенің ең басты бөлігі — мінезді түзеу.

Ілмектер: тәрбие, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Константин Ушинский

Ойланбастан сөйлей салсаң, ойыңдағыны ашып айттың деген сөз.

Ілмектер: ой, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Бала кезден рухани өсуді бірінші орынға қойдым. Мен үшін адам өмірінің бар мәні — өз қабілетін адал және таза жолмен жетілдіруі.

Ілмектер: рухани, бала, қабілет, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір Брюс Ли

Бір нәрсеге ие болу алдымен ойдан басталады.

Ілмектер: ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Сүйіс те бір тұзды су,
Ішкен сайын шөлдейсің.

Ілмектер: су, шөлдеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбул-Хасан Рудаки

Ақылды адам ақылынан адаса ғашық болса да, ақымақтарша ғашық болмайды.

Ілмектер: Ақыл, ғашық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Ілмектер: Ғашықтық, құмарлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нәпсі Абай Құнанбайұлы

Сүю — адамның бүкіл ізгі қасиеттерінің басын қосады

Ілмектер: Сүю, адам, қасиет, ізгілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оноре де Бальзак